Атырау, 24 қараша 02:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күзді күтіп құбыр тұр

2 697 просмотра

Әкім Бергей Рысқалиев Құлсары қаласындағы жаңа сорғы стансасындаҚұлсары қаласындағы жаңа сумен қамту жүйесі қыркүйекте іске қосылады

14 ақпанда Атырау облысының әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ аудан әкімі Рахметолла НҰҒМАНОВТЫҢ аудан активтерінің алдындағы есебін тыңдау үшін Құлсарыға барып, ол жерде өткен жылдың аяғында Құлсары қаласын сумен қамту жүйесін қайта жарақтау жөніндегі үш жылдық (2009-2011 жж.) ТШО бағдарламасының аясында пайдалануға берілген сорғы стансасында болды.

Мұнай компаниясының баспасөз қызметіндегілер хабарлағандай, сумен қамту бағдарламасына бөлінген 45 млн доллар көлеміндегі қаржылар уақытында – 2011 жылдың аяғына дейін игерілген. Алайда жұмыс жүргізу барысында жөндеуді қажет ететін қосымша кварталішілік жүйелер анықталды. Соған байланысты жоба түзетуге ұшырап, 108 км қосымша көлемді аяқтау 2012 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Компаниядағылар атап өткендей, жұмыстарды мерзімінен бұрын – биылғы жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланып отыр.

Қосымша жұмыстардың құнын компаниядағылар хабарламады. Ал Жылыой ауданының әкімі Рахметолла НҰҒМАНОВТЫҢ айтуынша, «Теңізшевройл» қаржыландырып отырған «Игілік» әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасынан алынатын қосымша 11 млн доллар бөлу туралы ТШО-мен келіссөз-дер жүргізіліп жатыр екен (жыл сайынғы бюджет 20 млн доллар).

Суға қатысты проблема – Құлсары тұрғындары үшін, әсіресе, ескі 5 қабатты үйлерде тұратындар үшін ең өзекті мәселе екенін атап өтейін. Соңғы уақытқа дейін су қала тұрғындарының пәтерлеріне тәулігіне 2 рет 2 сағаттан беріліп тұрды, ал жоғарғы қабаттың тұрғындары суды көшеден тасып әкеледі.

- Қазір қалада су тәулік бойына үздіксіз беріліп тұрады, - деп сендірді әкім.

- Алайда 1-ші ықшам ауданда тұратын кейбір оқырмандарымыз судың оларға үздіксіз келіп тұратынын растап отыр ғой.

- Бұл шамасы үйішілік жертөле желілерінің проблемаларына қатысты шығар.

Әкімнің есебінен кейін құлсарылықтар Б. Рысқалиевқа жеке секторды сумен қамтып отырған орталық су құбыры желісінің мұз боп қатып қалғанына шағымданды. Оған жауап берген Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН желінің «уақытша» қатқанын және биыл міндетті түрде ауыстырылатынын хабарлады.

Р. Нұғмановтың есебіне келер болсақ, ол дәстүрлі түрде ауыз толтыратын цифрларды көп мысалға келтіріпті. Олардың ішіндегі негізгілері: аудан аумағында өткен жылы 27,5 млн тонна мұнай (оның 25,8 млн тоннасы ТШО-ның үлесінде), 13,5 текше метр газ өндірілген. Өз сөзінде Б. Рысқалиев Жылыой ауданындағы жолдарды күрделі жөндеу мен салуға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінгенін айтты. Майкөмген, Тұрғызба, Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай ауылдарындағы су желілері жүйесі салына бастайтын болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Ануар Абулғазиев

22 ақпан 2012, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.