Атырау, 27 желтоқсан 04:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қымбаттым, қай елдi қалайсың?

4 208 просмотра

Еңбексүйгіштер мен дүкен аралауды жаны қалайтындар нені таңдайды?

Туристік фирмалардың мәліметтері бойынша Атырау облысы шетелге демалуға баратын туристер саны жағынан Батыс Қазақстан бойынша көш басында тұр. Атыраулықтар үшін туристік пакеттерді таңдаудың маңызды белгілерінің бірі - оның үнемділігі.

 

Біздің туристер үнемдегенді ұнатады

Бәрі де салыстыру арқылы айқындалады. Қазақстандық туристік фирмалардың жергілікті  филиалының бұрын Алматыда жұмыс істеген Гаухар есімді қызметкері бұрынғы астанада сәнді демалыстар үшін ірі соманы жоюды қалайтындардың көп екендігін әңгімелейді. Туристік агенттіктерде салтанатпен ерекше қарайтын VIP қалаушылар экзотикалық және ең қымбат елдерді, ал, егер назарларын  барлық бағыттағы дәстүрлі орындарға бұрса, онда олар ең қымбат пакетті таңдайды: жеке трансферт, жоғары жұлдызды қонақ үйлер және басқа да ерекшеліктер. Гаухар Атырауда жұмыс істеген жылдар ішінде ондай клиенттер санының тек төртеу болғанын айтты.

Тікелей рейстердің болмауы атыраулықтар үшін бағасы жағынан қолжетімді курорттық бағыттар аясын айтарлықтай азайтады. Ұзақ ұшу, билеттердің соншалықты қымбатқа түсуі, жалпы қазақстандық туризмнің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені, біздің еліміз белсенді әуе маршруттардан алшақ жатыр, сондықтан да туристік пакеттің салмақты үлесін ұшақ билетінің құны құрайды.  Қазіргі маусымда операторлар Атыраудан гректердің Крит аралына  ұшатын чартерлік рейстерден бас тартуда: өткен жылы ұшақтар жартылай бос кетіп отырды. Алайда, мұның өзі Қазақстан туроператорлары үшін қателік болды, олар нарықты асыра бағалады. Дағдарыстан кейінгі туристік белсенділіктің өсуінің алғашқы белгілерін операторлар 2011 жылы байқады. Және болашаққа барынша құбылмалы болжамдар жасауға асықты. Қазақстандық туристік ассоциация директоры Рашида ШАЙКЕНОВАНЫҢ пікірінше, 2011 жыл сабақ боларлықтай жыл болған екен. Туристік операторлардың ұсыныстары соңғы бірнеше жылда  сұранысты асырған, чартерлік рейстердің де саны көбейген. Туристік агенттер жақсы пайда тапты, өйткені, олар өздеріне барынша тиімді талаптарды таңдап алды. Ал, чартерлік рейстерді ұстаушылар мен туристік пакеттерді көптеп сатып алған компаниялар біраз қиындықтарға ұрынды.

 

Таңдау аясы кең

Біздің туристік агенттіктер ендігі жерде шығынға батуды қаламайды. Ал, барынша үнемді демалысты таңдау мүмкіндігін іздеген клиенттер үшін күні бұрын брондалған турлар бойынша акцияларды ұсынады. Кейбір агенттіктерде ақпан айының ортасына дейін 35% дейін, ал, қазір   20-25%  жеңілдіктер ұсынылады. Бұл ұсыныс қыркүйек айының аяғына дейін сақталады.

Сақылдаған қыстан ыстық жазға тап болуды қалайтындар үшін мына бірнеше бағыттағы маршруттар дәстүрге айналған: Египет, Греция, Таиланд және Біріккен Араб Әмірліктері. Орын алған  жағдайлардан соң Египет бағыты сәннен кетті, ондай күн Грецияның басына да туды. Ал, бұл БАӘ және Таиланд елдерінің жолдамасының құнына әсер етті. Олар 10-20% өсті. Туристік агенттер бұл елдерге қазіргі кезде баруға кеңес береді, ондағы қазіргі температура  +30+35. Ал, жазда ыстық және ылғалды, қолайсыздау болады.  Хорватияда демалу кеңінен қанат жаюда. Алматыдан ұшатын чартерлік рейс және жазғы уақыттарда визасыз ұшу жолдаманың құнын азайтады. Жаңа елдерді көрсем деушілерді тартады. Хорватиядағы он күндік демалыс шамамен 1 500  долларға шығады. Қытай бағытындағы да тұрақты клиенттер бар, алайда, әзірге аспан асты елі біздің туристерді негізінен сауда және медициналық орталықтар ретінде ғана қызықтырады.

 

Жастар қалауы арзанға түседі

Жергілікті туристік агенттіктер өздерінің клиенттерін жас ерекшеліктеріне қарай бөледі. Жастар жағы көңілді демалыстарды – дискотека, жағажай, дүкендерді аралағанды қалайды. Олар үшін сол елдердің қыр-сырлары мен ерекшеліктерін сезіне білу маңызды. Ол елдердің мәдениеті қызықтырады, сондықтан да олар қонақ үйлерде аз уақыт өткізеді, оларды қонақ үйлердің қанша жұлдызды екендігі алаңдатпайды да.  Олардың ұраны:  «Өзі арзан, өзі маржан!» деуге болады. Осы жастардың арқасында туристік карталарда жаңа маршруттар пайда болып жатады. Көбіне клиенттер билеттер мен қонақ үйлерден орынды өздері брондап жатады, ал, туристік агенттікке тек визаны рәсімдеу көмегіне ғана жүгінеді. Олар клиенттердің мүдделеріне қарай жығылып, өздерінің ұсыныстарын дайындай келе, олардың сұранысымен танысады. Айталық аралас маршруттар өте танымал бола бастады: клиенттер өз қалауларына қарай нақты бір елдердің  қызықты жерлерін  немесе бірден бірнеше елдерді - Англия, Франция және Бельгия сияқты елдер бойынша экскурсиялық бағдарламаны таңдайды. Теміржол арқылы оларға баратын жолсапарлар  үнемдеуге  мүмкіндік береді. Өткен жылы Италияның бес қаласын әрқайсысына екі күннен тоқтала отырып, аралау сапары клиенттерге 1 300 еуроға шықты.

 

Жан жадыратар жағалаулар

 Балиге саяхат – тағы бір мақсатты топтардың – бал айларын өткізетін жұптардың романтикалық сапары.

Барынша ересектеу клиенттер Чехияны таңдайды. Олар емделіп және демалуды жүзеге асырады. Оның үстіне қонақ үйге жолдаманы сатып алу барысында бонус ретінде оның құнына бірнеше емдік процедуралар да енгізіледі. Алайда, Чехия елшілігінің құжаттарды визаға тапсыру кезінде жеке өзінің қатысуын талап еткеннен соң, оған баратындар саны азайып кетті. Осыған байланысты агенттіктер өз назарларын бұрынғы кеңес одағының курорттық жерлеріне, мәселен, Бакуде демалуға және емделуге ұсыныс бере бастады.

Отбасылық жұптар балаларымен қыста – Дубайда демалыс пен шопингті біріктіру мақсатында таңдаса, жазда балалар үшін түрлі арнаулы бағдарламалары бар Түркияға таңдау жасайды. Жолдама құнына барлығы кіреді.

Экзотикалық табиғат, экскурциялық және жағажайдағы демалыс, шопинг үшін Малайзияны таңдайды. Бұл жерде ата-аналар үшін өз балаларына нағыз джунглида саяхат ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар.

-Қазір Атырауда туристік нарықтың тек бірнеше ғана сигменттерін танымал деп есептеуге болады: жағажайдағы демалыс, емдеу демалысы және шоп-турлар. Экскурсиялық бағдарламалар және белсенді қысқы демалыс түрлері әзірге аса сұраныста емес. Егер оларға сұраныс туатын болса, бізде ұсыныстар жеткілікті,- деп сендіреді туристік операторлар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 ақпан 2012, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.