Атырау, 27 қараша 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Басшылар орын алмастырды

4 309 просмотра

21 ақпанда, Атырау қаласының әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВТЫҢ есебін тыңдау кезінде қалалық актив алдында облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ сөз алып, залда отырған қалалық мәслихат депутаттарына Атырау қаласының жаңа әкіміне үміткер ретінде осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Асқар КЕРІМОВТІ ұсынды.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұдан кейін Рысқалиев жиналғандарға М. Есмұратов «менің орынбасарым болады» деп мәлімдеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

 

Мереке Отарұлы ЕСМҰРАТОВ 1961 жылы Гурьев облысының Балықшы ауданының Дамбы селосында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық институты мен Қарағанды заң институтын – тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы Гурьев облысының Балықшы ауданының Амангелді атындағы ұжымдық шаруашылықта балықшы боп бастады. 1982-2003 жылдар аралығында Атырау қаласының әуежайында ішкі істер желілік бөлімінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003-2008 жылдары бөлім бастығы, Атырау ішкі істер бөлімі департаменті бастығының орынбасары болды. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап – Атырау облысы әкімінің орынбасары, 2009 жылдың желтоқсанында – Атырау қаласының әкімі боп тағайындалды.

 

Асқар Абайұлы КЕРІМОВ 1980 жылы Гурьев облысының Мақат поселкесінде дүниеге келген. А. Керімов  Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын прокуратура органдарында бастады. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-мобилизациялық жұмыс бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімі аппараты жетекшісінің құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша орынбасары, Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап – Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, 2011 жылдың тамыз айынан бастап – облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары.

22 ақпан 2012, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.