KazBIN.17.02.12.Астана. – Кеше Лондонның Жоғары Соты Әблязовты кінәлі деп танып, 22 айға түрмеге қамауға ордер берді. Бұл туралы бүгін Бас Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұдан бұрын сіздерге хабарланғандай, прокуратура органдарымен Әблязовтың қылмыстық қызметімен байланысты қылмыстық істер тергелуде.
Сотта қаралып қойған БТА Банкінің қаражаттарын ұрлау фактілеріне қатысты қозғалған 3 қылмыстық іс бойынша 18 адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылды. Қазіргі таңда өткен жылдың наурыз айында 42 эпизодпен 22 тұлғаға қатысты жолданған қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғастырылуда. Арнайы прокурордың басшылығымен БТА Банкінен Әблязовпен және оның қылмыстық тобының мүшелерімен 5 млрд астам доллар ұрлау фактісімен қозғалған 46 қылмыстық іс тергелуде.
Олардың ішінде шетел инвестицияларын тарту мақсатында Банк капиталы жасанды толтырылып, кейіннен Әблязовпен ұрланған факті бойынша да қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қоса, БТА Банкімен Лондонның Жоғары Әділет Сотында талап қою жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні Әблязовқа және банктің бұрынғы басшыларына (Р. Солодченко мен Ж. Жарымбетовқа) жалпы сомасы 5 млрд. АҚШ долларына 8 талап қойылды.
Азаматтық істер аясында Банкпен Әблязов сотқа өтірік айтып, БТА Банкінен шығарылған активтерді сатуға талпынып жатқандығы анықталғаны.
Мұндай әрекеттер ағылшын заңнамасына сай қылмыс деп танылады және «сотқа құрметсіздік көрсеткендікті» білдіреді.
Өткен жылдың қазан айының аяғында Лондонның Жоғары Сотымен сотқа құрметтемеушілік көрсеткендігі үшін Әблязовтың сыбайласы Пол Кифриотис (бірқатар оффшорлардың директоры) 21 айға түрмеге қамауға сотталған, дәл осындай негіздермен Әблязовтың қайнысы және көмекшісі С. Шалабаев та сотталған (18 айға).
Ал кеше Лондонның Жоғары Соты бірқатар осындай ұқсас қылмыстар бойынша Әблязовты да кінәлі деп таныды, оған түрмеге қамаудың үш мерзімі тағайындалды. Атап айтқанда:
1) соттан «Бубрис» компаниясының (осы ұйым арқылы ақша және бағалы қағаздар шығарылды) иесі болып табылатынын жасырғаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды;
2) «Карлтон Хауз» үйінің, қала шетіндегі «Оуклэндс Парк» үйінің және Лондондағы Альбертс Корт-17-гі пәтердің иесі болып табылатын ақпаратты жасырғаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды;
3) Сот бұйрығын бұзып, «Стантис» («Stantis») компаниясынан талап құқығын қайта табыстағаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
Аталған түрмеге қамаудың үш мерзімі қатарласып орындалады, яғни Әблязовқа түпкілікті түрде 22 айға түрмеге қамау тағайындалды, сотпен оны қамауға ордер берілді», – делінген хабарламада.
Дереккөз: KazBIN