Атырау, 24 қараша 01:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үкімет бірінші сыныпқа оқушыларды тест арқылы қабылдауға тыйым салды

3 404 просмотра

АСТАНА. 18 ақпан. BAQ.KZ - Қазақстан Үкіметі лицей мен гимназиялардан басқа бастауыш білім беретін ұйымдарға бірінші сыныпқа оқушыларды тест өткізу арқылы қабылдауға тыйым салды, деп хабарлайды Айқын.

Бұл норма білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесінде көзделген, ереже Үкіметтің 2012 жылғы 19 қаңтар күнгі №127 қаулысымен бекітілген. Қаулы ресми БАҚ-та жария етілген соң күшіне енеді, қазіргі уақытта оны Әділет министрлігі сайтының заңдылық базасынан қарауға болады. Ережеге сәйкес, дайындық деңгейіне қарамастан кезекті оқу жылы басталған кезде 6-7 жасқа толған барлық балаларды тұратын орнына қарай білім ошағы бірінші сыныпқа қабылдай бастайды. Ал бірінші сыныпқа мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер 1 маусым мен 30 тамыз аралығында қабылданатыны белгілі. Құжатта атап өтілгендей, бірінші сыныпқа қабылданар кезде тест, сынақ, конкурс өткізілмейді.

Дереккөз: BAQ.KZ

18 ақпан 2012, 22:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.