Атырау, 24 қараша 01:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Kazakhmys Николаев байыту фабрикасын жаңартуға $70 млн доллар инвестиция құяды

1 979 просмотра

АЛМАТЫ, 16 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Kazakhmys Николаев байыту фабрикасын жаңартуға $70 млн доллар инвестиция құяды, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Компания аймақтағы кәсіпорындардың өндірісін модернизациялауға қомақты қаражат салып келеді. Өткен жылы Артемьев кен ішінде кері толтыру үшін цемент даярлау цехын модернизациялау бағдарламасы аяқталды. 2012 жылы Николаев кен байыту фабрикасын қалпына келтіру жүзеге асырылады әрі соған 70 млн АҚШ доллары шамасында қаражат бөлініп отыр», - делінген хабарламада.

Қазақмыс ШҚО-да орта және шағын бизнеске қолдау жасап, сатып алулардағы жергілікті үлесті өркендету жөніндегі зор жұмысты атқарып келеді. 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарындағы сатып алулардың жалпы көлемі шамамен 11 млрд теңгені құрады, оның 7,5 млрд теңгесіне тауарлар сатылып алынды, ал 3,5 млрд теңгесіне жұмыстар мен қызметтер сатып алынды. Компания Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні Топтың аймақтағы кәсіпорындарында 9,6 мың адам жұмыс істеп жүр. Компания қызметінің ажырамас ерекшелігі аймақтың дамуына инвестиция салуы болып табылады. 2011 жылы ШҚО әкімдігімен жасалған меморандумдардың шеңберінде Қазақмыс 1,2 млрд-тан астам теңге бөліп, ол қаражат Өскеменде спорт нысандарының салынуына, Усть-Таловка, Алтайский және Белоусовка кенттерінде ТКШ мен әлеуметтік нысандарда жөндеу жүргізуге, Бородулиха және Шемонаиха аудандарындағы балалардың мектеп жасына дейінгі және медициналық мекемелерді қаржыландыруға бағытталды. ШҚО әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы кешенді жоспардың шеңберінде 2012 жылы Қазақмыс облыстағы Шемонаиха, Аягөз және Глубокое аудандарында әлеуметтік нысандар құрылысына 1,2 млрд теңге бөлуге ынталы болып отыр.

Облыстың аумағында сонымен қатар, әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кеніштерінің бірі Ақтоғай кен орнын игеру жұмыстары басталды. Сол жоба бойынша жылдық өндіріс, пайдалану мерзімінің ұзақтығы шамамен 40 жылдай уақыт деп алсақ, концентраттағы мыс 100 мың тоннадай көлемде өндірілетіні болжанып отыр. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі ағымды жылдың соңына қарай аяқталып, кейіннен күтілетін құны 1,5 - 2 млрд АҚШ доллары болатын капитал салу бағдарламасы жүзеге асырылады.

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары"

16 ақпан 2012, 22:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.