«Мұнайшы» спорт кешеніндегі халықаралық көрмеде жасалған ұрлықтан кейін он үш сағаттан соң полиция осы қылмысты жасады деген күдіктілерді ұстады.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢақпараты бойынша, еуропалық ұлттағы екі жас жігіт ұсталған. Бірі 22 жаста, екіншісі 20 жаста. Бір қызығы, ұсталғандардың бірі Ресей мен Еуропа елдерінің зергерлік бұйымдары, киімдері , парфюмериялық заттары мен т.б. тауарларының көрмесі өтіп жатқан «Мұнайшы» спорт кешенінде күзетші боп жұмыс істейді екен.
Ұрлық орын алған түні ол ауысымнан кейін демалыста болған. Ұсталушының бірінің мекен-жайы бойынша - Молодая Гвардия көшесіндегі жатақханадан заттай айғақтар - ұрланған зергерлік бұйымдар салынған сөмке табылып, тәркіленіп алынған.
Қазіргі кезде ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге салсақ, құқыққорғау органдарының алдын ала жасаған бағалаулары бойынша «Мұнайшыдағы» көрмеден 450 мың доллардан астам сомада бағалы заттар ұрланған.
Тамара СУХОМЛИНОВА