Атырау, 23 қараша 23:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Супермаркет жылусыз қалды

1 723 просмотра

Аязды күндері Сарыарқа мөлтек ауданындағы «Идеал» супермаркеті жылусыз қалды.

Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Әсемгүл ӘБДІРАХМАНОВА хабарлағандай, тексеру барысында ПИК басшысының сауда нүктесін төлемдерді төлемегені үшін жылудан айырып тастағандығы анықталды. Алайда, «Идеал» қызметкерлері өздеріне тағылған айыпты мүлдем жоққа шығарып отыр. Прокуратураның ұйғарымы бойынша супермаркетке жылу қайтадан берілді.

Қала прокуратурасы сондай-ақ, күн сайын қала орталықтары – Азаттық, Сәтбаев даңғылдары мен Әлиев көшесіндегі көлік кептелістерінің сараптамасын жүргізді. Әсемгүл Әбдірахманованың айтуынша, аталмыш жолдардағы кептелістердің туындауына жол полициясы қызметкерлерінің қаракетсіздігі себеп болып отырған көрінеді. Облыстық жол полициясы басқармасына прокуратура қаланың орталық көшелерінде бақылауды күшейту туралы ұйғарым шығарды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 ақпан 2012, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.