Атырау, 23 қараша 23:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Алтын сақаға» асығыңыздар!

1 949 просмотра

Міне, балалар, өздерің жыл сайын көктемде асыға күтетін «Алтын сақа» ойынын өткізер шақ кеп те қалды. Газетіміз өткізетін дәстүрлі ойын өздеріңді наурыздың 22-де тағы да күтеді! Жас дос, өткен жылғы есеңді қайтарып, бағыңды сынар сәт туды!

Сонымен балалар, алдымен ойынға қатысу шартымен таныс болыңдар!

Ойынға 7 жастан 13 жасқа дейінгі ер балалар қатысады. Ол үшін әрбір қатысушы мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қолы қойылып, мөрі соғылған жолдамамен редакцияға келіп тіркеледі. Сондай-ақ, қатысуға тілек білдіргендердің «Ақ Жайық» газетіне бір жылға жазылған түбіртегі болуы шарт.

 

Редакция мекен-жайы: Жарбосынов көшесі, 5, тел.: 27-23-72.

Ескерту: әр мектептен екі баладан ғана қатыстырылады. Ойынға мектепішілік жарыс жеңімпазын немесе өздері қатысуға ынталанып, құлшыныс білдірген балаларды қатыстыра ма - оны мектеп басшылығы өздері шешеді. Сайыс ұлттық ойынның «Омпы» түрі бойынша өткізіледі.

Омпы

Ойынға қатысушылар үш не одан да көп топқа бөлінеді. Әрқайсысында көнге тігетін 10 асық және 1 сақасы болуға тиіс.

Тегіс жерге екі жақтан арасы баланың он адымымен өлшеніп, екі көмбе сызылады. Көнге әр бала екі асықтан тігеді. Ортасына бір үлкен асықты омпысынан (мұртынан не жамбасынан) тұрғызып қояды. Балалардың сақаларын иіру арқылы кезектері анықталады. Көмбе бойындағы сызыққа тұрып, асықтарды көздеп ату басталады. Егер кімде-кім омпыны құлатса, ол көндегі бар асықты алады. Ал, асықтың кез-келгеніне тигізсе, құлатқан асығы саналап, әр топтан 1-ші және 2-ші орын алған ойыншылар финалға шығады.

«Балауса»

16 ақпан 2012, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.