Оқырман фото-суреттерінің байқауына алғашқы жұмыстар түсе бастады
Газетіміздің өткен санында жарияланған «Халық көзімен» фото-суреттер байқауына өз жұмысын жолдаған алғашқы оқырманымыз 25 жастағы инженер-нұсқаушы, атыраулық Александр ШИРОКОВ (суретте) болды. Ол өзі туралы былай деп баяндайды:
- Өзімді кәсіби фото-суретшімін деп есептемеймін. Өйткені суретке түсірумен жұмыстан қолым босаған және шабытым туған кезде ғана айналысамын. Алайда, өзімнің фото-суреттерсіз өмір сүре алмайтындығымды жақсы білемін. Өзімді түрлі жанрларда сынап көріп жүрмін, сондай-ақ, мені бейнетүсірілім де қызықтырады. Біздің қаламызда еркіндікпен және өз шығармашылық шеберлігімен ерекше, жан-жақты қырынан таныла білетін фото-суретшілер аз. 5 фото-суретті таңдау оңай болған жоқ, ақыры мен өзімнің таяу арада ғана түсірілген суреттеріме тоқтау жасадым. Өкінішке, қарай, осыдан бір жыл бұрын менің фото-суреттерімнің 70 пайыздайы жоғалып кеткен еді. Бұл жағдай маған тағы да одан да ерекше суреттерді түсіруіме себеп болды.