Атырау, 27 қараша 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қыздар жекпе-жегі

2 877 просмотра

14 ақпанда Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Жайық» спорт кешенінде бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы күні өтті.

Чемпионатқа 168 спортшы қатысты. Салыстыру үшін: 2005 жылы Атырауда әйелдер боксы бойынша бірінші ел чемпионаты өтіп, оған бар болғаны 25 боксшы қатысқан еді. Соның алдында ҚР Бокс федерациясындағы әйелдер боксының кураторы Берік МАРЖИКБАЕВ: «Біз екі мәрте осындай маңызды сайысты өткізу жауапкершілігін өз мойнына алған, бірақ өкінішке орай, әлі  алқа алуға лайықты үміткерлер тәрбиелемеген бай өлкеге ризамыз» деп мәлімдеген еді.

Әйелдер боксы бойынша ел құрамасының бас бапкері Вадим ПРИСЯЖНЮК чемпионаттың алдын-ала кезеңінде кездеспес үшін құраманы бірінші және екінші нөмірге ажыратуға мәжбүр екенін айтты. Бұл наурыз айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатында және мамырда болатын Қытайдағы лицензиялық әлем чемпионатында (бұл жерде 51, 60 және 75 келіге дейінгі салмақта Лондонда өтетін Олимпиадаға жолдама ойналатын болады) жеңіске жетуге қабілетті деген лайықты спортшыларды құрамаға алу үшін жасалып отыр екен.

Осылайша, көш басындағылар жаңа спортшылармен кездесті. Бірінші күні 31 жекпе-жек болып, тек біреуінде ғана сенсация болды.

54 келіге дейінгібірінші сайыста шымкенттік Дина ҒАЛИМОВА мен Қазақстанның өткен чемпионатының жүлдегері тараздық Рано ҚАСЫМОВА қолғап түйістірді. Дина титулды бәсекелесінен  басым түсіп, ақырында оның мұрнын қанатып қойды. Кездесу 18:9 есебімен шымкенттік спортшының пайдасына шешілді.

Осы салмақтағы атыраулық Гауһар ӘЛМҰХАНОВА (суретте-көк киімде) 2010 жылғы Қазақстан чемпионы астаналық Аяулым БОРАНБАЕВАМЕН жекпе-жекке шықты. Әйелдер боксынан облыстық құраманың аға бапкері Алексей ЮННІҢ айтуынша, алдыңғы кездесулерде Гауһар екі мәрте Боранбаевадан ұтылып қалған. Егер қимылдаңқырағанда, есесін алуына болар еді. Өкінішке орай, Гауһар астаналық спортшының екпіндеген шабуылына төтеп бере алмай, екінші раундта оның жаттықтырушысы Ерболат БИСЕКЕНОВ орамал тастады.

Алайда басқа атыраулық спортшылар - Алмагүл ШАРИЕВА (51 кг дейінгі салмақта) және Бибінұр ҚАБДРАХИМОВА (59 кгдейінгі салмақта) келесі айналымға өте алады деген үміт бар. Алмагүл Шариева –  өткен жылы сәуір айында Таразда Кеңес Одағының батыры А.Миниді еске алу құрметіне бокстан өткізілген ірі турнирдің қола жүлдегері. Ол осы жеңісінің арқасында республикалық олимпиадалық дайындық орталығының құрамына қабылданды.

Өкінішке орай, чемпионатқа Қазақстан чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Айдана ДІЛМҰҚАШЕВА қатыспайды дейді Алексей Юн. Күзде ол Орал ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, өзінің спорттық карьерасын аяқтаған екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

16 ақпан 2012, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.