Атырау, 8 қазан 21:32
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

6 томдық ic және жоғалған бала

3 252 просмотра

Таяуда Атырау облысының прокуратурасы өткен жылдың желтоқсан айының аяғында полицейлер тергеуді тоқтатқан баланы ауыстыру жөніндегі істі қайта тергеуге жолдады. Сонау 2009 жылы қозғалған іс «қылмыс құрамы жоқ» деген дәлелмен жабылып қалған еді.  Істі қайта тергеуге жіберуге прокуратура және жәбірленушілердің өздері – ерлі-зайыпты Сәуле БАПАЕВА мен Нұрлыбай АШЫҚБАЕВТАР (суретте) мүдделі болды.

Қосымша тергеуге жіберілсін!

Атырау облысы ІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Бауыржан РАХМЕТОВ хабарлағандай, қылмыстық істі тоқтату жөніндегі шешім ҚР денсаулық сақтау министрлігі сот-медицина сараптама орталығының Атырау филиалы берген 2011 жылғы 24 қарашадағы сот-медицина сараптамасының актісі негізінде қабылданған екен. Сараптамашылар уақытынан бұрын босанған Сәуле Бапаева баланы өлі туған деген қорытынды шығарған. Қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру үшін қылмыстық іс ІІД-нен прокуратураға жолданды. Прокуратура бұл шешіммен келіспеді. Ерлі-зайыпты Сәуле мен Нұрлыбай да осындай өтінішпен прокуратураға шағымданды.   

Естеріңізде болса,  бұл отбасы 2008 жылдың ақпан айында Құлсары қаласындағы перзентхана үйінде босанған және дәрігерлердің өлі туды деп жариялаған қыздарын бірнеше жылдан бері іздеп таба алмай келеді. Алайда, ерлі-зайыптыларға берілген   эксгумация  қорытындысы баланың ер бала екендігін, ал,  ДНК сараптамасы Сәуле мен Нұрлыбайдың жерленген ер баланың биологиялық ата-анасы емес екендігін көрсетті. ҚР ҚК 134-бабы (баланы ауыстыру) және 125-ші (адамды ұрлау) бабы бойынша қозғалған іс күрделі сараптамалардың қажеттілігінен бірнеше рет тоқтатылды.  Жақында ғана Атырау облысынан сайланған мәжіліс депутаты Асхат БЕКЕНОВТІҢ депутаттық сауалына Бас прокуратурадан келген жауабында тергеу барысында 10-нан аса  сараптамалардың жүргізілгендігін хабарлады. Алайда, Сәуле Бапаева шын мәнінде дүниеге әкелген сәби әлі күнге табылған жоқ.

 

Ұл бала, бірақ ол емес

Сол аралықта редакция қолына ҚР әділет министрлігінің Атырау ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасының (Денсаулық сақтау министрлігінің сот-медицина сараптамасымен шатастырмау керек) 2011 жылғы  11 қыркүйектегі сараптама қорытындыларының көшірмесі тиген еді.  Осы құжатқа сәйкес, баланың денесін сою барысында патологоанатомдар алған ішкі органдарды (жүрек, бауыр, бүйрек) зерттеу оның ер бала екендігін көрсетті. Сәулеге алғашқыда берілген анықтамада және баланың өлгендегі туралы куәлікте, сондай-ақ, дәрігерлердің жазбаша айғақтарында оның қыз баланы дүниеге әкелгендігі  расталған еді.

Алайда, іс мұнымен біткен жоқ. Сәуленің айтуынша, Әділет министрлігі Атырау зертханасында онымен болған әңгімелесуде 2011 жылы қыркүйекте болған сараптаманың қорытындысы және 2009 жылы ерлі-зайыптылардың бастамасы бойынша жүргізілген баланы эксгумациялау материалдары  бұл мүрделерді екі түрлі баланың мүрдесі екендігін дәлелдеді.  Демек, өткен жылы сараптамашыларға  ол «материалды» бермеген болды. Сәуленің осынау өрескел фактіні неге құжаттандырмадыңыздар деген сауалына тергеу олардың алдына ондай мәселені қоймағандығын айтып жауап берген (? – Л.С.).

Біз түсінік алу үшін ҚР Әділет министрлігі Атырау ғылыми-өндірістік сот сараптама зертханасының бастығы Бауыржан ШАЙХИНГЕ хабарластық. Ол біздерді өз сарапшыларына жұмсады. Олар болса, «үшінші тұлғаларға» ақпарат беруге құқыларының жоқ екендігін сылтау етіп, түсінік беруден бас тартты.

Атырау облысы ІІД бастығының орынбасары Бауыржан РАХМЕТОВ прокуратураның істі ІІД-не қосымша тергеуге қайтарғандығын растады.

-Жәбірленуші тарап өз дәлелдерін келтірді енді бізге прокуратура нақтылаған фактілерді тексеру міндеті тұр, - деп қосып қойды ол.

Әзірге тергеу жүргізіліп жатыр, ал, менің оған түсінік беруге құқығым жоқ.

 

Жаппай қарама-қайшылықтар

-  Бұл іске қатысты тергеудің дұрыс жүргізілмегендігі басынан-ақ белгілі болды, - деп есептейді Сәуле БАПАЕВА.  – Бұл аз болғандай, олар біздің өзімізді кінәлі етіп шығаруға тырысты: дәрігерлерді кінәлау үшін біз әдейі баламыз жерленген зиратты емес, 2007 жылы босану кезінде қайтыс болған менің туысқанымның баласының зиратын  көрсетті деп шықты. Тергеу сараптаманы тағайындады, бірақ эксгумацияланған баланың менің туысқаныма еш қатысы жоқ  екендігі дәлелденді.

Сәуле өзінің прокуратураға жолдаған аталмыш хатында іс материалдарындағы тергеу елемеген көптеген қарама-қайшылықтарды көрсетті. Айталық, босандырған және шарананың денесін Сәуленің (оның өзі босанғаннан кейін денсаулығы асқынғандықтан перзентхана үйінде болды) туысқандарына берген дәрігерлердің, санитаркалар мен медбикелердің, сондай-ақ, құлсарылық патологоанатомның айғақтарындағы түсінбес-тіктерді айтуға болады. Мәселен, ол алдымен баланың денесін бір өзінің сойғанын, кейін – өзіне санитарканың көмектескенін айтты. Бұдан басқа, ол бір аптадан соң дене сойылғаннан кейін баланың ішкі органдары қабылданған үдеріске сәйкес Атырауға одан әрі сақтау үшін жіберілген. Ал, Сәуле облыс орталығына сол кездегі аудандық ІІБ-нің бастығы ИСЛЯМОВТЫҢ бұйрығы бойынша олардың өздерін жібергендігін айтады. 

 

Іздеуді тоқтатпаймын!

«Бірінен соң бірі ауысқан тергеушілердің бірде- біреуі бүгінде 6 том болған бұл істің мән-жайына маңыз бермей отыр деген ойдамын, -деп жазады Сәуле Бапаева өзінің прокуратураға жазған өтінішінде. –Сот-медицина сараптамасы мына фактілерді растады: бізге өзіміздің баламызды берген жоқ. Алайда, тергеу ісімен айналысудың орнына полиция басқа да сылтауларды алға тартып, істі жабуға тырысуда. Мен біз құқықты мемлекетте тұрамыз деп есептеймін. Және қашан болғанда да әділдіктің жеңіп шығатынына сенемін. Маған өз баламды іздеуге ешкім де кедергі бола алмайды. Менің орнымда қай ана болса да осылай жасаған болар еді».

 

«Сәуле Бапаева: «Қызымның тірі екеніне сенемін», АЖ №45  10 қараша 2011 ж.

«Жоқты іздеуге көмектесетіндер табылды», АЖ  №44  3 қараша 2011 ж.

«Бала ауыстыру ісі адам ұрлау  ісіне айналды», АЖ  №44  4 қараша 2010 ж.

15 ақпан 2012, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.