Атырау, 24 қараша 00:35
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шығарма тақырыбы: «Қыста мен қалай оқыдым»

6 919 просмотра

- Орта және жоғары сыныптарда сабақтың ұзақтылығын қысқарту немесе әдеттегі режимде оқыта ма, оны оқу мекемелерінің директорлары мектептегі температураға байланысты өздері шешетін болады. Алайда, сабақ 30 минуттан артық созылмауы тиіс, -дейді қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Фируза ШАНГЕРЕЕВА.

Дегенмен, редакцияға ата-аналардан шағымдар түсіп жатыр: сыныптарда өте салқын, жоғары сынып оқушылары сабақ үстінде сырт киімдерімен отыруға мәжбүр. Бұндай шағымдар әсіресе, №24 мектептің атына көп айтылды: мектептегі төменгі температураға санитарлық тораптардан шыққан жағымсыз иіс қосылуда. Біз аталмыш мектепке фототілшімен бірге аттандық. Мектеп ғимаратының көптен жөндеу көрмегендігін қабырғалар ғана емес, екінші қабаттағы кедір-бұдырлы еден айтып тұрғандай. Ол аз дегендей үшінші қабаттағы плиталар опырылып қалған. Ал, әжетханалардың қайда екен-дігін мектепке алғаш табан тірегендердің өзі қиналмай табады. Өйткені, тұмсық жарған иіс те жаман жол бастаушы емес. Сыныптардағы температуралар түрлі, күн жақ беттегі бөлмелерден аздап болса да  жылылық сезіледі, қарсы жағындағы бөлмелерде балалар күртешелерімен және тондарымен отыруға мәжбүр.

- Мектеп ғимараты 1986 жылы салынды, содан бері қарай бірде  бір рет күрделі жөндеу жүргізілген жоқ, -дейді №24 мектептің екінші ауысымының оқу ісінің меңгерушісі  Айман ҒАБДУЛЛИНА. – Мектепте жылу бар, оның үстіне өткен жылы ғимараттың жертөлесіндегі жылу жүйесіне жөндеу жүргізілді. Жылу қосыны да жақын маңда орналасқан, алайда,  үлкен терезелер мен жөндеу жасалмағандықтан жылу берушілердің еңбегі зая кетуде. Ауа-райының суықтығы өз дегенін істетіп отыр: мектеп әкім-шілігі алдымен орта және жоғары сынып оқушылары үшін сабақ кестесін 3-4 сабаққа дейін қысқартты. Артынша, оқушылар сабақтың жаңа режиміне көшті: пәндер көбейді, сабақ уақыты 35 минутқа қысқарды.

Мектептегі жағымсыз иістің пайда болу себебін атауға мектеп ұстаздары қиналды. Іс жүзінде канализация жүйесі жұмыс жасап тұр, әжетханаларда да жөндеу жұмыстары бірнеше рет жасалды.

- Ескінің аты ескі, жыл сайын мектеп басшылығы мектебімізді күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер  тізіміне енгізу жөнінде өтініш беріп келеді, алайда, әзірге онымыздан нәтиже шыға қойған жоқ, - дейді ұстаздар.  

№30мектепте де өте салқын. Бұл проблема мектеп оқушыларын жыл сайын мазалайды. Сәулетшілер ойлағандай  мектептің жаңашылдық жобасы аса сәтті болған жоқ. Төбесін жаппай әйнекпен жабу іс жүзінде өзін ақтамай қалды: ыстық күндері балалар аквариумдегідей буланса, суықта қалтырайды.

- Құрамына біздің дәрігеріміз енген арнаулы комиссия ғимаратты тексеріп, күн сайын бөлме термометрлерінің көрсеткішін қадағалап отырады, -дейді№30 мектеп директоры Лилия ЛИГАЙ. - Бастауыш сыныптарда сабақтар тоқтатылды, ал қалған сыныптарда 35 минуттан оқытылып жатыр. Мұғалімдер балаларды  бағдарламадан қалдырмауға тырысуда. Үлгермей қалған сабақтады  сәл кейіндеу қуып жетеді деген ойдамын, өйткені, үшінші тоқсан – оқу жылындағы ең ұзақ тоқсан, біз бәріне үлгереміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

9 ақпан 2012, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.