Атырау, 25 сәуір 19:53
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

IT - сынып - ұстаздар үшін

1 265 просмотра

1 ақпаннан бастап Атырау облысы және  Жылыой ауданының ұстаздары мен кітапханашылары компьютерлік сауаттылыққа оқуды бастап кетті.

«IREX» білім беру қоры облыстық және қалалық білім беру, Жылыой аудандық білім беру бөлімдерінің қолдауымен  «Ақпараттық техникалық ғасыр мұғалімі» деген атаумен жаңа бағдарламаны іске қосты. Бұл бағдарламаны «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы қаржыландырып отыр.

Жобаның негізгі мақсаты – мектеп оқытушылары мен кітапханашылар арасында интернетті көпшілікке тарату. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, бұл мемлекеттік тілдегі веб-контентті, сондай-ақ, ғаламторды белсенді қолданушылардың санын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаға қатысу үшін облыс пен қаланың және Жылыой ауданы мектептерінің ұстаздары шақырылды. Сабақ мектептегі компьютерлік кабинеттер базасында аптасына 3-4 рет өткізіледі.

- Біз жобаға шамамен 200-ден астам мұғалімдер қатысады деп есептеп отырмыз,– дейді бағдарлама менеджері Светлана АЙТПАЕВА. – Бұдан басқа, бағдарламаға қатысушылар ішінен жобаның финалистері анықталатын болады, олар жазда ақпараттық технологиялар бойынша тереңдетілген курстардан өтеді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 ақпан 2012, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.