Атырау, 24 қараша 00:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

- 30 меже емес

2 103 просмотра

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бас синоптигі Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, сенбіге қараған түні,  4 ақпанда  осы қыс ішіндегі Атырауда болған ең төменгі температура -  минус 27 градус тіркелді.  Облыста дәл сол күні  термометр бағаны Сағыз теміржол стансасында  -30 градусты көрсетті. Синоптиктер одан кейін де аяздың болатындығын ескертеді, облыстың шығыс жақ бөлігін – қар басады.

Жексенбі күні Атырауда алғашқы суықпен байланысты қауіпті жағдай тіркелді. Бірлік поселкесінде (бұрынғы Память Ильича) Жайық өзеніне апаратын жолда үсіп кеткен жасы 40-45 шамасындағы еуропалық ер адамның мүрдесі табылды.

«Арнаулы автобаза» КМК директоры Дулат ТҰРҒАМБАЕВ қаланың орталық көшелерінде қарды күреу жұмыстарының аяқталғандығы туралы хабарлады. Тек«Мерей» базары ауданындағы Луговая көшесі ғана қалған көрінеді. Енді техника Құрсай және Жұмыскер поселкелерінің шағын көшелері мен тұйық көшелерін тазартуға кіріседі. 

Басқа қала маңындағы аудандарды оларға бекітіліп берілген кәсіпорындар тазалайтын болады. Қарды тазалау жұмысына барлығы шамамен 130 бірлік техника жұмылдырылды, оның жүзі – самосвал, қалғандары – тракторлар.  Жайық-Каспий облыс аралық экология департаменті бастығының орынбасары Қабижан ҚАПАНОВ қалалық қызмет мекемелеріне көшеден жиналған қарларды Жайық өзеніне тастауға тыйым салды.  Қалалық билік күрелген  қарларды жинастыратын полигон іздестіруге мәжбүр болды. Қарды Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің артындағы алаңға, арнаулыавтобазаға қарсы Ерік Мостовой жағалауына, Мұз айдынына қарсы жолдың оң жақ бетіне, Элеваторный көшесінің ашық алаңына және Бірлік поселкесі маңындағы бос алаңға төгуге рұқсат етілді.

Біз «Арнаулы автобаза» алаңында болдық. Бұл жер қар төбешіктеріне айналған,  шамамен мыңдаған самосвал қар төгілгенін аңғаруға болады.

Біз «Арнаулы автобазаның» қасындағы алаңқайына барып қайттық. Бұл жер қар төм-пешіктерінің алқабына айналыпты. «Арнаулы автобаза» директорының орынбасары Заурбек ЖАЙЛЫБЕКОВТІҢ айтуынша, бұл жерге жеті жүздей самосвалмен қар төгіліпті. Санап көрелік: бір КамАЗ орташа алғанда үш текше метр қар тиейтін болса, бір текше метр жүз литр еріген қар суы болады. Демек, көктемде бұл жерді 210 тоннадай су жайламақ. Үрейлі естілгенімен, жергілікті гидрологтардың пікірінше, бұл топырақтың су сіңіру қабілетінен асып кетпейді екен. Қаладағы топырақ сазды, ал еріген сулар су тұтқыш жерлерге баяу енеді. Сондықтан жерасты суларының деңгейіне қатты әсер етпейді. Егер алдағы наурыз айы желкемді болса, қардан еріген су бірнеше күн ішінде буланып кетеді дейді мамандар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

9 ақпан 2012, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.