Атырау, 24 қараша 01:11
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қош бол, «Сименс»!

1 908 просмотра

Жаңа жылдың алдында ғана «Атырау Энергосату» компаниясы алдын-ала төлем жүргізуші «Сименс» есептегіштерін қолданушы өзінің абоненттеріне электр энергиясын есептеуші бұл құралды міндетті түрде ауыстыру  қажеттілігін хабарлаған еді.

«Атырау-Жарық» АҚ метрологиялық қызметінің бастығы  Қайрат АТЫХАНОВ есептегіш құралдың пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты олардың тексеруден өту қажеттілігін, алайда, кәсіпорынның зертханасында ондай операцияларды жүргізу үшін үлгі есептегіштердің жоқ екендігін мәлімдеді. Демек, «Сименсті» қолданушы тұтынушыларға онымен қоштасуға тура келеді. 

Энергішілердің мәлімдемесі абоненттердің наразылығын тудырды. (қараңыз.. «Ақылды есептегіш кімге кедергі?» АЖ № 50,  15.12. 2011ж.). «Сименс» есептегіші бар көптеген тұрғындардың  өтінішіне байланысты «Атырау Энергосату» «Атырау Жарық» АҚ алдына тағы да мәселе қойды: абоненттердің жағдайы не болмақ? Және «Сименс» үшін шектеулі болса да ваучерлерді сатуды жалғастырды: төлем мөлшері 1 мың теңгеден аспауы керек. «Атырау Жарық» АҚ басшылығы өз кезегінде бұл мәселені жаңа жылға дейін шешуге бел байлаған еді.

Бұл уақыт аралығында біз халықтың сүйіктісіне айналған «Сименсті» тексеру шынында мүмкін болмайтындығын анықтадық. Бірақ, оған «Атырау Энергосату» мәлімдеген жағдай емес, ол есептегіштердің сертификат мерзімінің Қазақстан аумағында 2005 жылы аяқталғандығы себеп болды.

- Оның үстіне, «Атырау Жарық» біздің жолдаған сауалымызға жауабын әлі бере қойған жоқ. Біз есептегіштер үшін алдын-ала төлем ваучерлерін айлық тұтыну нормасы шегінде, яғни, 2 мың  теңгеге сатуды жалғастырып жатырмыз,- дейді «Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА.

«Сименсті» әлі қанша уақыт қолдана беретіндігі белгісіз. Алайда, Исембергенова ханым кәсіпорын басшылығының есептегіштерді ауыстыруға нақты бір мерзім белгілеуді  көздеп отырмағандығын және осыған байланысты ешқандай дүрлігу болмайды деп уәде етіп отыр. - «Сименсті» қолданушы абоненттердің шамамен 40%  жаңа жылдан бастап өз есептегіштерін әдеттегі есептегіш   құралдарға ауыстырып үлгерді, - деп қосып қойды ол.  

«Сименспен» қош айтысып, өз пәтерлерінде кәдуілгі есептегіштерді орнатуға бел шешкен тұрғындарға энергішілер пломбаны алу және оны қайта орнату үшін өз учаскелеріндегі «Атырау Энергосату» аумақтық бөлімшелерінің мамандарын міндетті түрде шақыру керектігін ескертеді.

- Егер абонентке  есеп-тегіштің орналасу  биіктігі ұнаса және қосымша проблемалар болмаса, онда біздің қызметкерлер ескі есептегіш-терді алып тастау және жаңасын орнату  жұмыстарын тегін жүргізеді, - деп мәлімдедібізге «Атырау Энергосату».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

 

9 ақпан 2012, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.