Атырау, 5 желтоқсан 13:05
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Суицидке жол жоқ!

3 436 рет қаралды

Жақында қаладағы №17 мектеп-лицейдің ішінен қалалық білім бөлімінің бастамасымен Атырау қалалық психологтар ассоциациясы орталығы құрылды.

- Оған себеп  жасөспірімдер арасында  өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп кетті,-дейді  орталық төрайымының орынбасары әрі қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлшара АЛАНОВА.

Алоблыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Әлібек ОЛЖАҒАЛИЕВТІҢ берген мәліметіне сәйкес, облыс бойынша 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында былтыр 13 суицид тіркелсе,  өз-өзіне қол жұмсауға  ұмтылғандар саны-50. Өзі-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендердің алтауы ұл балалар болса, қалған 44-і қыз балалар.  

Ата-аналар мен балалардың жанын ауыртқан сұрақтар бойынша Ассоциация орталығына 32-94-14 сенім телефоны арқылы хабарласуға болады.

Айнұр САПАРОВА

9 ақпан 2012, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.