Атырау, 1 маусым 18:52
 дождьВ Атырау +20.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Облыстың жаңа бас имамы тағайындалды

2 564 рет қаралды

Өткен жұма күні Атырауға келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірінші наиб-мүфтиі Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, облыстың жаңа бас имамы Амантай САДИЕВТІ таныстырды.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, Алматыдағы ислам институтын тәмамдаған, Жылыой ауданының бас имамы лауазымын атқарған. Соңғы жұмыс орны – Құспан молда атындағы мешіттің (Самарқанд көшесіндегі) наиб имамы. Сол күні Амантай Садиев облыстың бас имамы ретінде алғашқы жұма намазын оқыды. 

Бұрынғы бас имам Нұрбек ЕСМАҒАМБЕТКЕ келер болсақ, наиб-имам Мұрат ҒАЗИЗОВТІҢ айтуынша, оны Алматыға ауыстырады екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 ақпан 2012, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.