Атырау, 23 қараша 23:10
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қашқын әкелер қамауға алынды

2 118 просмотра

Облыстық прокуратураның «Балаңды ұмытпа, алимент төле!» акциясы басталғалы өздерінің әкелік борыштарын мүлдем ұмытып кеткен алты әкей қамауға алынды. Мерзімі  көп  емес - 15 тәулік, бірақ, айықтыратындай әсер етеді.

Алименттерді өтеу бойынша ұйымдастырылған акция бізде бірінші рет  кең ауқымды түрде өтуде. Қалада алиментті төлеудің қажеттілігін еске салатын жыламсыраған балалардың бейнесі бейнеленген билбордтар орнатылған, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қажетті анықтамалармен бірге келушілерге акция туралы бетшелер, түрлі департаменттер мен салық, жол полициясы басқармаларында, яғни, адамдар көп жиналатын жерлерде үстел үстеріне буклеттер қойылған.

- Біз өткен жылдың қорытындысы бойынша тексеру жүргізіп жатырмыз,- дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Алмагүл ЕРҒАЛИЕВА.  - 2011 жылы облыста атқару өндірісінде алимент төлеу бойынша 5155 іс болды. Шамамен  500-і қарыздың өтелуіне байланысты  жабылды. Бүгінгі күні атқару өндірісінде  4662  іс бар. Акция барысында прокурорлық реттеу шаралары бойынша борышкерлер миллионнан астам теңгені төледі.

Материалдық жағынан болса да 120 бала ақыры өз әкелерінің назарына ілікті. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі прокуратураға 528 жұмыс жасамайтын борышкер әкелердің тізімін жолдады. Олардың жартысына жуығы жұмыссыз деп рәсімделді, ал төртеуі жұмысқа орналастырылды. Жақында прокуратура, жол полициясы қызметкерлерімен, көші-қон қызметі және сот орындаушыларымен бірлескен рейд жүргізілді. Жол полицейлері борышкерлердің көліктерін тоқтатып, олардың ішінен алиментті 6 айдан бері төлемей жүрген біреуін 5 тәулікке қамауға алды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 ақпан 2012, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.