Атырау, 23 қараша 22:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иттер шабуылға шықты

5 711 просмотра

Атырау тұрғындары травматологиялық қосынға жиі  түсетін болды:  қаңғыбас иттер өткінші адамдарға шабуыл жасап, қауып алуда. Төртаяқтылардың осынау  қауіпті тәртібінің себебін анықтауға біздің тілшіміз де тырысып көрді.

- Тек бір айдың ішінде бізге 35 адам келіп түсті, ал, бұл өте көп  , - дейді   облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Асхат БИСЕНҒАЛИЕВ. – Адамдарға тек иттер ғана шабуыл жасап қойған жоқ. Бізге  мысықтың  шабуыл жасауынан жапа шеккен   бес және  егеуқұйрықтың құрығынан іліккен  бір жағдай тіркелді.  Абырой болғанда бірде-бір «құтыруға» шалдыққан фактілер орын алған жоқ. Барлық жапа шеккендер жеңіл жарақаттармен ғана шектелді.

Қаңғыбас иттердің санының қала көшелерінде көбейіп кетуі немен байланысты? Біз бұл сауалды иттерді атумен айналысатын Юрий КИМГЕ қойған болатынбыз.

-Олардың көбеюі аязбен байланысты емес,- емес дейді ол. – Иттерде ақпан-наурыз айларында қасқырлардағы секілді ұйығу басталады. Егер иттердің тобырына қарайтын болсаңыздар олардың арасында негізінінен ұрғашы иттердің жанында жүрген   төбет иттерді көресіз. Олардың сол сәттердегі ызалы әрекеттері түсінікті, өйткені,  олар ұрғашы иттерді иелену құқығы үшін айқасады.

Аңшы осыдан бір жыл бұрынғы бүткіл ауданды қорқынышта ұстаған Авангардтағы ұйымдасқан иттер тобырына қатысты орын алған жағдайды еске алды. Иттер сол жердегі супермаркеттерден шыққан адамдарды күтіп тұрады. Топтың әрбір мүшесінің  өз міндеттері болды: олардың бірі шауып келіп пакетті жұлмаласа, екіншісі пакеттен түскенді бірден тістелеп әкетіп отырған. Кейбір қарсылық көрсеткен азаматтарды қауып алған жағдайлар да болған. Топтың жетекшісі үлкен қара-сұр ит болды, кейін оның көзін жоюға тек көктемде ғана біріккен күштердің арқасында қол жеткіздік.

- Кейбір төртаяқты қаңғыбастар – бір кездері адамдардың  қалауы бойынша көшеде қалған иттердің түрлі тұқымдарының шағылысу нәтижесінде пайда болғандар. Ол хайуандар – қаладағы көп нәрсеге үйренген нағыз мутанттар. Олара айлакер, ақылды, төзімді, ызақор болып келеді. Ондайларды атып алу қашанда оңай соқпайды. Олар бізді иісімізден немесе мотор дауысынан танып қояды.

«Арнаулы автобаза» КМК директорының орынбасары Жауырбек ЖАЙРЕБЕКОВТІҢ мәліметтері бойынша, қаңтар айында 925 иттің көзі құртылған. Орталықта және қала маңындағы поселкелерде аңшылардың төрт бригадасы жұмыс жасайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

9 ақпан 2012, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.