Құрманғазы ауданында ғажайып оқиға болды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г. МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ақпанның 1-дегі борасында 27 жастағы әйел адам – «Мақаш» шаруа қожалығы шопанының зайыбы 250 қой отарымен жоғалып кеткен.
5 ақпанда бейшара әйелді полицейлер шаруа мекенінен 70 км қашықтықта аяғы үскен, әлсіреген күйінде тауып алды. Қойлар қойшы әйелді қоршап алып, өз жылуларымен жылытқан екен. Әйел Ганюшкин поселкесінің орталық ауруханасына жатқызылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ