Астрахан облысымен шекаралас жерде шекаралық «Құрманғазы» бақылау-өткізу бекетінде киік мүйізінің ірі партиясы ұсталды.
Қызыл кітапқа енгізілген киіктің 171 мүйізін Қазақстанға Алматы облысының екі тұрғыны алып өткісі келген. Олардың айтуынша, Астраханнан сатып алған мүйізді олар Шымкентте сатпақшы болған екен. Контрабанда фактісі бойынша тергеу ісі басталды.
Тамара СУХОМЛИНОВА