Атырау, 21 наурыз 07:24
 ашықВ Атырау +10
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Миллионнан қағылған жолаушы

2 656 просмотра

Облыстық ІІД хабарлағандай, 6 ақпан күні сағат 13.20-да Қайырғали Смағұлов бульвары ауданында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 16 жарты литрлік құтыларға салынған қара уылдырықты сатпақшы болған 20 жастағы «Хундай» автокөлігінің жолаушысын ұстады.

Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚК 183-бабы (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер жарты литрлік құтының біреуіне шамамен бір келі уылдырық кететінін  және Атыраудағы қара нарықтағы жеңсік астың 1 келісі қазір 130 мың теңге тұратынын ескерсек,  онда саудагердің қалтасына шамамен 2 млн теңге түсетіндігін есептеп шығару қиын емес.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 ақпан 2012, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.