Атырау, 12 желтоқсан 09:26
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Ақпан балдаққа сүйенді

2 014 просмотра

Облыстық аурухананың травматологиялық қосынының тіркеу журналы майдан даласынан түскен мәліметтерді еске түсіреді.

1 ақпаннан бастап ауруханаға түрлі сынықтармен 11 адам, 2-сінде – жеті,  3-інде – он адам түсті. Жұмыс күндеріне қарағанда демалыс күндері  барынша тыныш болды: екі күнде «барлығы» 11 пациент түсті. Жұмыс аптасының басталуы адамдарды тағы да көктайғақпен жұмысқа асығуға мәжбүрлеуде, айтқандай, дүйсенбіде таңертеңгілік екі сағаттың ішінде-ақ ауруханаға сынықпен 6 адам түсіп үлгерді.

– Тастай болып қатып қалған қар мұздан бетер. Әсіресе, егде адамдарға қауіпті: олардың сүйектері барынша морт сынғыш, әлсіздеу болып келеді,  - дейді облыстық аурухананың травматологиялық бөлім-шесінің меңгерушісі Асхат БИСЕНҒАЛИЕВ. – Пациенттер негізінен қол-аяқтарының сынығына шағымдануда. Қазір бөлімшеде барынша ауыр жарақат алған егде адам жатыр: оның омыртқа жотасы сынған.

Облыстық балалар ауруханасында бас дәрігер Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВТІҢ айтуынша, тайғаққа байланысты түсіп жатқан пациенттер көп емес екен. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 ақпан 2012, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.