Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Жаяу жүргіншіні өткіз!

1 920 просмотра

3 ақпанда облыста «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» деп аталатын  шара өткізілді.

ІІД ЖПБ жол полициясының инспекторы Гүлшара ҚАРЖАУОВАНЫҢ айтуынша, шараға жол полициясының, патрульдік-қосын қызметінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар қатысты. Жаяу жүргіншілер тарапынан белгіленбеген жерде, бағдаршамның тыйым салынған сигналында, жақын келе жатқан көліктің алдынан жолды кесіп өту секілді жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталған. Сонымен қатар жаяу жүргінші өткелдерінде жүргізушілердің адамдарды өткізбеу фактілері тіркеліпті. Барлық аталмыш ереже бұзушылықтар үшін үстіміздегі жыл басынан бері 131 жаяу жүргінші мен 260 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 ақпан 2012, 00:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.