Атырау, 9 желтоқсан 21:11
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Кеден комитетінің бұрынғы басшысы Баймағанбетов парамен тұтқынға алынды

2 083 просмотра

АСТАНА , 6 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетов қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі көлемде пара алу фактілері бойынша айыпталып, қамауға алынды, деп хабарлады дүйсенбіде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 3 ақпанда Баймағанбетовке қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

«Аталған күні Баймағанбетов ұсталып, Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына отырғызылды», - делінген хабарламада.

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары"

6 ақпан 2012, 23:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.