Атырау, 29 наурыз 13:53
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қарға бөгіп қалды

2 505 просмотра

Үшінші тәулікке жауған қардың салдарынан Индер ауданында мектептерде сабақ тоқтатылды.

Индердегі  жауған қардың биіктігі кей жерде екі метрден де асып кеткен. Кенттің орталық көшесін тазартуға техника бөлінгенін кент әкімі Мақсот ОМАШ хабарлады. Кенттің басында 105 көшені тазарту міндеті тұр. Аудандағы 16 мектепте 27 қаңтар күні бастауыш сыныптың оқушылары оқудан босатылған, ал 28 қаңтарда мектептер мен балабақшалар мүлдем жабық болды. Ауыл, селомен байланыс та тоқтап қалды. 

Алыс қыстақтарда жағдай мүлдем қиын. Қатынас жоқ. Қыстың қаҺарлы күнімен малшылар өздері алысуда. Мал қолға тұрған, соны шөптеудің қиындығын бастан кешіруде. Елтай округінің әкімі Ербол ДҮЙШІМ қырлықтағы оншақты км қашықта жатқан «Үштөбе» жерінде жолда қалған малшыларды құтқаруға техника жіберілгенін айтты. 

Басқа аудандармен де хабарласқан едік.

Қызылқоға ауданының әкімі Сырым РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, 25 қаңтарға дейін қар қылаулап тоқтаған. Қаламен, елді мекенмен байланыс бірқалыпты көрінеді. Исатай ауданында ара-арасында қардың тиылуы байқалған.Аудан әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ жиырмашақты техника елді мекендермен байланысты қалыпқа келтіруге жұмыстанып жатқанын жеткізді. «Жылыой-Тазалық» ЖШС-нің директоры Бауыржан АБДРАХМАНОВТЫҢ мәлімдеуін-ше, Құлсары қаласын қардан тазарту үздіксіз жүріп жатқан көрінеді. Мектептер, аурухана, стратегиялық нысандарға баратын жолдар үздіксіз жауған қарға қарамастан тазарту жолға қойылған.  Аудандағы 6 ауыл, селоға баратын жолдармен байланыс қайта-қайта үзілуде. Отыз шақты техника қардан тазартуға жұмылдырылған.

-28 қаңтардан бастап қалаға дейінгі жолдар уақытша жабылды, себебі кейбір көліктер жолда қалып қойған. Қазір ауданда жағдай өте күрделі, қардың үздіксіз жаууы үшінші тәулікке жетті. Қарды қазір тазартсаң, іле жолдарды қайта басуда. Жедел жәрдем машинасына бір тазартқыш техниканы қосып қойғанбыз. Мектептерде оқу жүріп жатыр, бірақ алыстау тұратындарға оқуға келмеуге рұқсат етілген,-дейді Мақат ауданының әкімі Қиылымғали ҚАЙНЕНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 ақпан 2012, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.