Атырау, 22 желтоқсан 20:08
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Мешiт – алаң емес

2 260 просмотра

Бейсенбі күні, 26 қаңтарда Жаңаөзен мен Шетпеде қаза болғандардың 40 күндігін еске алу үшін 30 шақты адам орталық «Иманғали» мешітіне жиналды.

Алдымен мешіттегі имамдардың бірі марқұмдардың рухына арнап құран бағыштады. Сәл уақыттан соң  дұға етушілерге тағы бірнеше адам қосылды. Сөйтсек, олар Құлсарыдан әдейілеп ат арылтып жеткендер екен.

- Жаңаөзендегі қырғынға кінәлілердің Қазақстанда  әділ жаза алуы мүмкін емес деп санаймын, - дейді құлсарылық Ақтанберген ЖАЛҒАСБАЕВ.

- Сондықтан халықаралық сот инстанцияларына жүгіну керек.

Бұдан бұрын ЖСДП Атырау филиалының төрағасы Жұмабай ДОСПАНОВ (суретте) орталық мешіттің бас имамы Нұрбек қажы ЕСМАҒАМБЕТКЕ 26 қаңтарда мешіт ауласында азалы митинг өткізуге рұқсат беруді сұрап, хат жолдаған. Оған бас имам жазбаша түрде: «Мешіт митинг өткізетін алаң емес, Аллаға құлшылық ететін орын», - деп жауап беріпті.

Сәния ТОЙКЕН, суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

1 ақпан 2012, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.