Атырау, 22 желтоқсан 20:07
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қысқа қайырғанда

1 703 просмотра

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша қаңтардың 23-і мен 29-ы аралығында жол полициясы қызметкерлері  жол ережелерін бұзған  1 138 жағдайды тіркеді.

Өрескел ереже бұзушылықтарды атасақ, мас күйінде көлік жүргізген 27 жүргізуші анықталса, 17-сі рөлге жүргізуші куәлігінсіз отырған, 14-і мемлекеттік нөмірсіз көлікпен жолға шыққан, 218-і қауіпсіздік белдігін тақпаған, 65 жүргізуші жылдамдықты асырған, 69-ы жүргізу барысында  ұялы телефонды қолданған. Жаяу жүргіншілер тарапынан да ереже бұзғандар болды: 35 адамға белгі қойылмаған жерден көшені кесіп өткені үшін айыппұл салынған. Тәртіп бұзушылардың барлығы да әкімшілк жауапкершілікке тартылды.

 

***

Қаңтардың 28 күні таңғы сағат 4-те жедел басқару орталығына таксистен хабарлама түскен: түнгі клубтардың бірінің маңында оны екі белгісіз адам тапаншамен қорқытып, автокөлігінің әйнегін сындырып, оқиға орынынан таса болған. Кешкі сағат тоғыздан таңертеңгі 9-ға дейін кезекшілік атқаратын «Тосқауыл» түнгі патрульдік-қосын қызметі қылмыстың ізін суытпай Әуезов көшесінің бойынан күдіктінің бірін қолға түсірді. Ол 24 жастағы Ақтаудан келген қонақ болып шықты. Одан қолдан жасалған тапанша тәркіленді. Осы фактіге орай 257-ші «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. 

 

***

Дәл осы 28 қаңтардың түнінде 01.44. сағатта полицияға қала тұрғыны шағымданды. Оны Баймұханов көшесі бойындағы кафелердің бірінің жанында белгісіз үшеу ұрып-соғып, тонап кеткен.

Түнгі «Тосқауыл» тобы жас шамалары 20-22 шамасындағы үш күдіктіні қолға түсірді. Олардан заттай айғақтар  - жәбірленушінің ұялы телефоны мен ақшасы тәркіленді. Осы іске қатысты 178-ші «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құлсары-Ақтаутас  тас жолының бойында орналасқан «Ташкент» қонақ үйінің автотұрағында 27 қаңтарда шамамен таңғы сағат төртте оралдық «ВестСпецТранспорт» компаниясына тиесілі  МАЗ жүк көлігінің кабинасынан өрт шықты. Оң аяғынан 1-ші дәрежелі күйік алған 60 жастағы жүргізушіге аудандық  орталық ауруханада дәрігерлік көмек көрсетілді.

Баймұханов көшесі бойындағы «Айжан» мейрамханасы орналасқан үй маңында 27 қаңтарда түнгі сағат 3-те «Шкода-Октавия» автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі жанып кетті. Жапа шеккендер болмады.

Авангард-3 мөлтек ауданындағы №38 үйдің алтыншы подъезінде 28 қаңтар таңертеңгілік сағат 10-да қоймаға жиналған ағаш өртенді. Јрт сөндірілді.

 Облыстық балалар ауруханасына 29 қаңтар күні 22 сағат 25 минутта табиғи газдан уланған бірі 14 және 12 жастағы екі қыз бала түсті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылды.

1 ақпан 2012, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.