Атырау, 27 желтоқсан 00:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Атырауда медресе ашылмақ

3 403 просмотра

Атырауда облыстағы алғашқы медресе өз жұмысын бастайды. Әзірге діни оқу орны лицензия алмаған, бұл жерде дайындық курстары өткізілетін болады.

Медресе демеушілердің және діндарлардың жәрдем ақшаларының көмегімен ашылған. Екі қабатты ғимаратта оқыту үшін және болашақ имамдар тұру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Оқытушылар ретінде бұл жерге Мысырдағы Әл-Азхар ислам университетінің түлектері шақырылыпты. Сонымен қатар онда жергілікті имамдар да дәріс бермек.

- Бүгінде жастардың исламға ден қойғаны байқалады, - дейді Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінің бас имамының орынбасары Еркебұлан ҚАРАҚҰЛОВ. Олардың хақ діннің тура жолын таңдауы өте маңызды. Көптен күткен медресенің ашылуы - өзіміздің білікті мамандарымызды – имамдарды оқытуға мүмкіндік береді. Оқушылар санына емес, оқу сапасына баса назар аударылады. Сондықтан бастапқыда шәкірттер саны – 15-20 адам құрайды. 

Медреседегі дайындық курстарына орта мектеп білімі бар, 25-тен жоғары жастағы және сұхбаттасудан өткен жастар түсе алады. Талапкерлер тек ислам негіздерін білу бойынша ғана емес, адамгершілік-этикалық нормалардың сақталуы бойынша да сыналатын болады. Болашақ шәкірттердің аттестаттарындағы бағалар да емтихан алушылардың назарынан тыс қалмайды.

Жылдық курсқа араб тілін үйрену, Құран оқу және бірқатар ислам пәндері, атап айтқанда, мұсылман құқығы мен мұсылман әдептері пәндері енгізіледі. Курстарды аяқтағаннан кейін түлектер Астанадағы «Нұр Астана» және Алматыдағы «Әбу Ханифа» медреселерінде, сондай-ақ «Нұр Мүбәрак» ислам мәдени университетінде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Атырау медресесінде оқушылардың оқуы және жататын жерлері тегін болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

1 ақпан 2012, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.