Атыраулық құтқарушыларда - жаңа техника
25 қаңтарда «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің кеңсесінің алдында облыстағы құтқару қызметтеріне жаңа арнайы техниканың кілттері табыс етілді.
Қызметтің баспасөз хатшысы Светлана БАЙДӘУЛЕТОВАНЫҢайтуынша, өрт сөндіру-шілер 10 техника алған, оның жетеуі – кәдімгі өрт сөндіру машиналары мен қызметкерлерді тасымалдауға арналған көлік-тер, ал үшеуі – күрделі өртті сөндіруге арналған. Олар, АС-30 көлігі биіктігі 10-қабатқа, яғни 30 метрге баспалдақ көтере алады; АР-2 машинасының өрт сөн-діргіш жеңін екі шақырым жерге тарқатуға болады; ал ПНС-110 минутына 110 литр жылдамдықпен су шаша алады екен.
Батыс аймақтық аэромобильдік құтқару жасағы екі «Нива» мен КРАЗ дөңгелектері (формуласы 6х6, төменгі суретте) бар УАЗ базасындағы жоғары өтімділікті көлік алды. Рас, бұл машинаның двигателі (көлемі 1,6 л) мұндай санаттағы машиналарға жарамайды, бірақ құтқарушылар осыған да риза. Қазір олар Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің көктемгі ықтимал су тасқынына дайындық жасауда.
Облыстық судан құтқару қызметінің еншісіне санитарлық УАЗ, бес орындық «Нива» мен «Вилбод-47» қайығы тиген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,
суретті түсірген Владимир ИСТОМИН