Привокзальный-5 мөлтек ауданындағы №18 үйде орналасқан дүкенге қарақшылық шабуыл жасалып, орын алған қылмыс ізін суытпай ашылды.
Дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғандығы жөніндегі хабарлама 30 қаңтарда 23.30 сағатта түсті. Бетперде киген үшеу дүкенге баса-көктеп кіріп, сатушыларға шабуыл жасаған. Бір әйелдің ішіне, екіншісінің арқасына пышақ салған, ал, үшінші әйелдің басына бөтелкемен ұрған. Артынша кассаны сыпырып, жасырынып үлгерген. Бір сағатқа жетпей, күдіктілер Кольцов көшесіндегі жеке үйлердің бірінен ұсталған. Қарақшылар бетпердемен жүздерін жасырғанмен, үшеудің біреуін дүкенші өздерінің тұрақты клиенті екенін танып қалған. Қарақшының екеуінің жасы 20-да болса, үшінішісі – 15 жастағы жасөспірім. ҚР ҚК 179- бабы (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс көтерілді. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Жарақат алған екі әйел облыстық ауруханада.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ