Атырау, 22 желтоқсан 18:26
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Шынайы тергеудi талап етемIз!

1 953 просмотра

28 қаңтарда Атыраудағы бірнеше  қоғамдық ұйымдардың жетекшісі Исатай мен Махамбет ескерткіштерінің жанында Жаңаөзендегі адамдарға оқ атуға қарсылық білдіріп, наразылық акциясын өткізді.

Олар қолдарына «ЖАҢАӨЗЕН» деген үлкен қара жазумен жазылған Қазақстан картасын ұстап тұрды.

Макс БОҚАЕВ, «Арлан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

-  Мен Жаңаөзендегі бейбіт азаматтарды өлтіруге қарсы өз наразылығымды білдіремін. Сондай-ақ, мұнайшылардың ереуілге шыққан белсенділерін қамауға алғанына қарсымын. Олар Жаңаөзендегі алаңда жеті ай бойы ереуілге шықты, ал енді келіп оларды кінәлі еткілері келеді. Мен қамауға алынған кейбір мұнайшыларды – Талғат САҚТАҒАНОВТЫ, ереуіл белсендісі Роза ТӨЛЕТАЕВАНЫ танимын. Мен «Халық майданы» қозғалысының және тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының белсенділерін қудалауға қарсымын.

Ерік ӨТЕБАЛИЕВ, қала тұрғыны:

- Әлі күнге дейін адамдарға қарсы қару қолданғаны үшін ешкім де жазаланған жоқ. Біз оқ атуға бұйрық берген адамның заң бойынша жазаланғанын талап етеміз.

Тоғжан ҚИЗАТОВА, «Демос» ҮЕҰ жетекшісі:

- Мен бұл жерге Қазақстан ратификациялаған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактімен» келдім. Қазақстандық биліктің осы пактінің: «Өмiр сүру құқығы - әрбiр адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкiмнiң де өмiрi ерiксiз қиылуға тиiс емес» делінген 6-бабын сақтамай отырғандығына қарсылығымды білдіремін. Бізге бір нәрсені білу керек: атуға кім бұйрық берді? Бұл адамдар жеті ай бойына шыдамдылық танытып Жаңаөзен алаңында  тұрды, ал енді келіп оларды осы қырғынды ұйымдастырушылар етіп шығаруда. Біз, Қазақстан азаматтары, шынайы кінәлілер анықталып, жазаланбайынша жайбарақаттық танытпауға тиіспіз деп есептеймін.

Әсел НҰРҒАЗИЕВА, «Заман» ҮЕҰ жетекшісі:

- Ерте ме, кеш пе, Жаңаөзендегі оқиғаға лайықты бағасы берілетін болады. Ертеңгі күні ұлым мен отбасымның алдында ұятқа қалғым келмейді. Жаңаөзендегі оқиғаның ақ-қарасын шынайы тергеуді талап ету - еліміздің әрбір азаматының борышы деп есептеймін.

Сәния ТОЙКЕН,

cуретті түсірген Владимир Истомин

1 ақпан 2012, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.