Атырау, 22 желтоқсан 17:56
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Мигранттарға қолайлы жеңілдік

1 743 просмотра

Жаңа жылдан бастап Ресей мен Белоруссияның мигранттарынан Қазақстан аумағына еңбек етуге рұқсат алу талап етілмейді.

Бұл туралы бізгеАтырау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Гүлжан ЛҰҚМАНОВА хабарлады. Оның айтуынша, енді Кедендік одақ елдерінің еңбек мигранттарына келген күндерінен бастап есептегенде 30 тәулікке дейін ішкі істер органдарына тіркелмей-ақ, жүріп-тұруларына болады екен.

- Егер шекарадан өту кезінде көші-қон кәртішкесін-де елге келу мақсаты «жұмыс жасауға» деп көрсетілетін болса, онда мигрант пен оның отбасы мүшелеріне тіркелуге асықпауларына болады, - дейді Гүлжан Лұқманова. – Бастысы – 30 күн ішінде көші-қон полициясына қазақстандық жұмыс берушімен жасалған еңбек келісім-шартын ұсыну керек. Осы құжатқа сәйкес, біз келісім-шарт мерзіміне - бірнеше айға немесе жылға тіркеу рәсімдейміз.

Қазақстанға басқа мақсатта келетін Кедендік одақ елдерінің азаматтары үшін тіркеу мерзімі өзгерген жоқ. Бұл  мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап есептегенде 5 күнтізбелік күн. Бір ай ішінде жұмыс берушімен келісім-шарт жасап үлгермеген шетелдіктер елде болу мерзімін 90 тәулікке дейін ұзартуға құқылы.

Бұл тәртіп еңбек миграциясының процесін әжептәуір жеңілдетеді. Бұрын атыраулық жұмыс берушілер шетелден шақырғылары келетін жалдамалы жұмысшылардың санын алдын ала мақұлдатып, жұмыс күшін тарту үшін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан рұқсат сұрауға тиіс болатын. Үшінші елдерден (Кедендік одақ елдеріне кірмейтін) жұмысшыларды тарту үшін бұрынғы тәртіп сақталған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2011 жылы облыста 60525 шетелдік тіркелген, олардың 10735-і – алыс шетел азаматтары, 49790-і – ТМД азаматтары. Іскерлік сапармен бізге - 43089 адам келген, атап айтқанда, жұмысқа – 7536-сы, жеке сапармен – 48437-сі және турист ретінде – 163-і келген. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 9130 шетелдік тартылды, оның ішінде 858 адам елден шығарылды.

1 ақпан 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.