Атырау, 22 желтоқсан 18:34
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қырғыздардың қазақ астығын сатып алатын ақшасы жоқ

2 237 просмотра

KazBIN.30.01.2012.Астана. – Қырғыз Үкіметі қор жетіспеушілігіне байланысты мемлекеттік материалдық резервтер қорын толықтыру үшін қазақстандық астықты сатып алмақ болған еді. Енді қаражаттың жоқтығынан бұл сауда кейінге қалдырылды. Бұл туралы қырғыздың мемлекеттік материалдық резервтер қорына сүйеніп KGinform хабарлады.

Қырғыз Үкіметінің бастапқыда 15 000 тонна астық сатып алу жоспарлаған екен. 15 қаңтарда Қырғыз Республикасының мемлекеттік материалдық резервтер қоры Қазақстаннан азық-түлік бидайын сатып алу үшін жеткізушілердің шектеусіз қатысуымен тендер жариялаған. Тендер мерзімі 12 ақпанға дейін белгіленген еді. Осыған орай Қырғызстан Үкіметінің қаулысы да бар. Онда 21%-дан кем емес ұлпасы бар сапасы үшінші класстан төмен болмайтын астық сатып алыну керек болатын. Бұл мақсатқа Қаржы министрлігі тарапынан қажетті соманы бюджет есебінен бөліп беру тапсырылған. Алайда қазіргі таңда мемлекет қоржынында астық сатып алуға қажетті қаражаттың жоқтығы анықталыпты. Сол себепті Қырғыз елі біздің астықты сатып алуды кейінгі қалдырды.

Дереккөз: KazBIN

30 қаңтар 2012, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.