Атырау, 10 желтоқсан 23:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Валидол мен корвалол қымбаттамайды

2 468 просмотра

Атырау облысында жыл бойына 200 шақты дәрі-дәрмек препараттарының бағасы көтерілмейтін болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті, Атырау облыстық әкімдігі мен дәрі-дәрмек препараттарын өткізушілер баға өсімін тұрақтандыруға бағытталған меморандумға қол қойды.

- Бұл меморандум ең алдымен әлеуметтік осал және аз қамтылған топтар қатарындағы фармацевтикалық өнімдерді тұтынушыларды қолдауы тиіс, - деп түсіндірді Атырау облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті директорының орынбасары Алма САРБАЕВА.Меморандум ағымдағы жылда тұтынушылар үлкен сұраныспен пайдаланатын 200 атаулы дәрі-дәрмектердің бағаларын белгілеуді қарастырады.

Бағалары белгіленген дәрі-дәрмектер тізімінде анальгин, аспирин, валидол, корвалол, парацетамол және т.б. бар. Департамент мамандары дәріхана өкілдерімен кездесіп, меморандумның шарттарын түсіндірген: барлық дәріханаларда көзге көрінетін жерге дәрі-дәрмек препараттарының тізімі мен олардың белгіленген бағалары ілінуі тиіс. Ай сайын медициналық-фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті дәріханалардың меморандум шартын сақтау мониторингісін жүргізетін болады.

Егер дәріханалар тізімде көрсетілген препараттарды жоғары бағамен сатқан жағдайда, бұл туралы Атырау облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментіне 27-19-69 телефоны арқылы хабарлауға болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

26 қаңтар 2012, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.