Атырау, 23 қараша 21:58
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қысқа қайырғанда

1 479 просмотра

Полицияға 18 қаңтарда құрылыс фирмалары бірінің директоры шағымданды, ол 2010 жылдың мамыр айында жеке бір кәсіпкермен құны 40 млн теңге болатын келісім-шарт жасалғандығын, бірақ күні бүгінге дейін не атқарылған жұмыс, не қайтарылған ақша жоқ екендігін мәлімдеді.

 

Құрманғазыауданының Котяевка селосындағы «Рубеж» қосынында 18 қаңтарда аудандық ІІБ қызметкерлері екі «Жигули» автокөлігімен 400 кг сазанды құжатсыз алып өтпек болған Астраханның екі тұрғынын ұстаған.

 

Қаржы полициясының қызметкерлері 20 қаңтарда заңсыз ойын бизнесі жөніндегі іс бойынша шығарылған сот шешіміне сәйкес тәркіленген шамамен 50-дей ойын автоматтарын қалалық қоқыс алаңында өртеді. Жасырын ойын мекемесінің үш иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, біреуіне қатысты қылмыстық іс көтерілді.

 

Атырау облысында 2011жылы жасы кәмелетке жетпегендер арасында өз-өзіне қол жұмсаған 13 факті (5 қыз бала, 8 ұл) және 50 суицид әрекеті тіркелді.

 

Атыраулық 99 студент 2012 жылы «Бөбек» қорынан ақшалай көмекті алатын болады. «Бөбек» қайырымдылық қоры жоғары және орта  арнаулы оқу орындарына түскен балалар үйі мен интернаттарының түлектеріне қолдау көрсету мақсатында Сара Назарбаеваның идеясымен құрылған болатын.

 

Табиғат қорғау прокуратурасының мәліметтері бойынша 2011 жылы браконьерлікпен күреске 400-ден аса адам, 40 бірлік техника, 50 жүзгіш құралдар, 6 қызметтік ит, 17 бейнебақылау камерасы жұмылдырылып, 30-дан аса қосындар құрылды, сондай-ақ, әскери кемелер мен тікұшақтар тартылды. Браконьерліктің 245 фактісі анықталып, 119 тонна балық (оның ішінде 2,7 тонна бекіре тұқымдастар) тәркіленді.

 

Мақат аудандық ауруханасына 22 қаңтарда Мақат поселкесінің 2-ші ауылындағы №246 үйдің үш адамы «газбен уланған» деген диагнозбен түсті. Дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін олардың барлығы да үйлеріне жіберілді.

 

Полицияға 20 қаңтарда,сағат20.30-да«Фольксваген-Пассат» автокөлігінің жүргізушісі өзінің жаяу жүргіншіні қағып кеткендігін хабарлады. Жол-көлік оқиғасы Атырау-Дамбы тас жолының бойында «Химик» бағбандық серіктестігі ауданында орын алды. 65-70 жас шамасындағы  жапа шеккен сырт келбеті еуропалыққа келетін ер адам облыстық ауруханаға жеткізілген соң, қабылдау бөлмесінде қайтыс болды.

25 қаңтар 2012, 23:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.