Атырау, 23 қараша 22:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Есепші, сертификат ал!

2 139 просмотра

2012 жылдың қаңтарынан бастап бұқаралық сипаттағы  мекемелердің бас есепші лауазымынан «ҚР Кәсіби бухгалтері» арнайы сертификатына ие болған мамандар ғана үміткер бола алады.

«Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы» заң талабы осындай. Бұл туралы Атырау облысы аудиторлар және бухгалтерлер  қоғамдық бірлес-тігінің жетекшісі Ұлмекен ИМАНҒАЛИЕВА хабарлады. Бұл талаптар бұзылған жағдайда ірі айыппұл – 500 АЕК  көлеміне дейін салынады. Оның айтуынша, бұқаралық сипаттағы мекемелерге ірі кәсіпорындар, АҚ, жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ, мемлекеттің қатысуымен құрылған барлық мекемелер – КМК, РМК және тағы басқалар жатады екен.

Алайда, Атырауда аталмыш сертификатты беруге аккредитациясы бар ұйым жоқ. Мұнда алматылық «Основа» ЖШС-нің сертификация беру орталығымен бірлескен оқыту ұйымы жұмыс жасайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 қаңтар 2012, 23:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.