Атырау, 5 желтоқсан 13:05
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Сазан сазайын тартқызды

2 392 рет қаралды

«Мұрагер» базарының сазан сатылатын сөрелерінде түсім көбейіпті. Сатушылар 5 келілік балық бағасын 1000 теңгеге дейін түсіріп сатуда. Жұма мен жексенбі аралығында осы мәселеге қатысты 3 адам ұсталған.

20 қаңтарда тал түсте Привокзальныйда «Газель» тоқтатылып, оның кузовынан Ақтөбенің 34 жастағы тұрғынына тиесілі 210 келі сазан табылыпты.

Сол күні кешкісін Құрсай ауылының көлік жолында ВАЗ-21112 көлігінен 196 келі сазан табылған. Оның қожайыны – Балықшы тұрғыны боп шықты.

22 қаңтарда теміржол вокзалының маңында Сарыөзек ауылының тұрғыны ұсталды. Одан 5 центнер сазанның жон еті салынған бірнеше қорап табылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қаңтар 2012, 23:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.