Атырау, 23 қараша 22:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қасқырлар қыстақты торып жүр

1 838 просмотра

Жылыой ауданындағы «Жаңа таң» ЖШС қысты қиындықпен өткізіп жатыр. 

Серіктестік бойынша 10 мың қой, 400 ірі қара, 400 түйе, 300 жылқы 22 қыстақта орын тепкен. Шығыстан соққан желдің бірнеше күндеп соғуы мен аяздың күшеюінен уақ жандықтар қолға тұрып қалған. Қардың қатып қалуы қойлардың тірсегін қиып, жайылуына мүмкіндік бермеуде.

-Оның үстіне биыл қыс ерте түсті, екі ай бұрын басталған қыстың аязы малшыларға оңай тиіп отырған жоқ. Әрі қасқырдың қазір «қашатын» кезі, сондықтан он, он бестеп үйірімен топталып жүреді. Малшылар мігір таппай, күндіз, түні кезектесіп күзетуде,-дейді «Жаңа таң» ЖШС бастығы Ысқақ ШАҚПАҚ.

Мұндай қиындықтармен қоса шөптің сапасыздығынан малдың арықтап кету қаупін айтады серіктестік басшысы. Қыс егер ақпанның аяғына дейін созылса онда мал арасында өлім, жітім көбейетінін жасырып отырған жоқ. Соңғы кезде боранның күшеюінен қатынас та қиындап кеткен.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 қаңтар 2012, 23:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.