Атырау, 28 қараша 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Жер митингілері» туралы іс: БҰҰ арнайы баяндамашысының жолдауы және жымиған американдық дипломатия

3 767 просмотра

АҚШ пен Нидерланд дипломатиялық миссиясының өкілдері Атырауға сот процесін бақылауға келді.

3 қарашада куәгерлерден, соның ішінде мұнай-сервис компанияларының қызметкерлері мен Макс БОҚАЕВТЫҢ және Талғат АЯНОВТЫҢ хат жазысқан таныстарынан кезекті жауап алу кезінде сотталушылар процесске 2016 жылғы 24 сәуірдегі жер митингісіне тікелей қатыспаған адамдарды шақырмау өтінішімен судьяға жүгінді.

– Біз залға ТӨЛЕШОВТІҢ негізгі куәгерлері мен басқаларды шақыруды өтінген кезде, неліктен екені белгіміз олар осы жерге шақырылған жоқ. Тіпті, митингте болмаған адамды сіздер шақырып отырсыздар. Біз ең болмаса тергеу ісінде жоқ адамдарды: ДОСАНБАЕВ пен БЕКБАУОВТЫ (Тоқтар Төлешовтың жақын серіктері, Талғат Аяновқа 100 мың долларды табыстауды солар ұйымдастырған-мыс) шақыруды өтіндік. Сіздер оларды да шақырмадыңыздар. Мен түсіне алмадым, - деді Макс Боқаев. – Бізге тағылған алғашқы айып 179-бап (мемлекеттік төңкеріс) болды. Сіздер адамнан жауап алғанда оның қандай күйде болатынын да ойлаңыздар, мұны да міндетті түрде ескеру керек».

Сотталушылар төрағалық етушіге, Боқаевтың пікірінше, айыптау тарапы жасақтаған тиесілі емес куәгерлер тізімі туралы тағы да еске салды. Сотталушылардың ауызша өтінішін Гүлнар ДӘУЛЕШОВА назарға алмады.

Бақылаушылар ретінде процеске АҚШ пен Нидерланд дипломатиялық миссиясының өкілдері қатысты, олар осының адында Астанадан ұшып келген еді. Әзірге дипломаттар Нинг-чуан ДЖУ мен Ян ХАУСМАН журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Түстен кейін Макс Боқаевтың қорғаушысы Жанаргүл БОҚАЕВА судьядан іс материалдарына БҰҰ арнайы баяндамашысы Майн КИАИДЫҢ хатын біріктіруді өтінді. Бұл хатта ол азаматтық белсенді Макс Боқаевтың ісіне талдау жасаған.

«Митингке санкция берілмеу фактісінің өзі [азаматтардың] бейбіт жиындарына [үкіметтің] араласқанын ақтамайды. Мәселен, қатысушыларға санкция салу арқылы, - деп жазады Kиаи талдауда. Сот бұл құжатты қорғау тарапының пікірі ретінде тіркеп қойды. Өтінішті сотталушылар толықтай қолдады. Макс Боқаев Қазақстанға халықаралық құқықты жиі пайдаланған жөн, атап айтқанда, БҰҰ арнайы баяндамашыларының ұсыныстарына құлақ асу керек деп мәлімдеді.

4 қарашада түске дейін 6 куәгерден жауап алынды. Бұл адамдардың ешқайсысы 24 сәуірде Исатай мен Махамбет алаңында болмаған, бірақ барлығы дерлік сол күні митингке шыққандармен ниеттес болғандарын растады.

– Мен өзімнің алты ұлымның болашағы үшін қорықтым. Сондықтан алаңда болғандарды қолдаймын, – деді куәгер Е. МАХАМБЕТОВ.

Келесі болып Талғат Аяновың сыныптасы Жеңіс НҰРПЕЙІСОВ жауап берді. Жас жігіт прокурорларға сәуір мен мамырдағы оқиғалар туралы бөгде жандардан, қарапайым қала тұрғындарынан білгенін айтты. Басқаша сөзбен айтқанда, ұзын құлақ ақаусыз жұмыс жасаған. Сол кезде айыптаушылар Аянов пен Нұрпейісовтің жазысқан хаттарынан үзінді оқып шықты. Онда сотталушы әсерленген сарында сыныптасына 21 мамырда алаңға шығуды ұсынған. Талғат Аянов сол бойда қарсылық білдірді:

– Бұл өтірік, хат жазысқан уақыт 19 мамыр деп тұр, бірақ мен екі күн бұрын қамауға алындым. Мен мұны жаза алмайтын едім.

Ерлан МҮРСАЛИМОВ пен Темірғали ЖҰМАШЕВТАН жауап алынғаннан кейін сотқа қорғаушы Жанаргүл Боқаева жүгініп, төрағалық етушіден осы куәгерлердің жауаптарының толықтай сәйкестігіне назар аударуды өтінді. Куәгер Алмат МҰХАМЕДИН де сотқа қызықты жайттарды әңгімелеп берді. Оның айтуынша, жауап алу кезінде ҰҚК тергеушісі оны «қажет арнаға» бағыттауға тырысып, қажетті жауаптарды тықпалап отырған.

Түстен кейін процесске қызметкерлері іс материалдарын аударған компанияның директоры Айгүл СЕРБАЕВА шақырылды. 74 томдық қылмыстық істі аударғаны үшін ЖШС 6,5 миллион теңге алған. Долбарлы есеппен, бюро бір парақ үшін 1 000 теңге алған. Фирма басшысы сотқа кездейсоқ шақырылмады, өйткені сотталушылардың адвокаттары аудармалардағы қателіктер туралы әлденеше рет мәлімдеген еді.

А. Сербаева жауапты жұмыстың екі маманға жүктелгенін, заң терминологиясын олардың жақсы білетінін, күн сайынғы қомақты –50 шақты парақты аудару жұмыстарын орындағанын хабарлады. Алайда ол аударма сапасының ақсауы мүмкін екенін, оларды ҰҚК тергеушісі Амангелді ӘБУҒАЛИЕВТІҢ қатты асықтырғанын растады. Оның компанияға 8-10 рет келгенін әңгімеледі А.Сербаева.

Қатысушылардың барлығына сол күні процесте іс жүргізуші прокурор Қасым СЫДЫҚОВТЫҢ өтінішіне қатысты күлкілі жағдай есте қалды. Ол судьяға сот залында қатысып отырған адамға ескерту жасау өтінішімен жүгінді. Прокурордың байқауынша, ол үнемі күлімсіреп, жұмысқа кедергі болып отыр екен. Алайда Г.Дәулешоваға бұл адамның жымиысы процесті жүргізуіне еш кедергі келтірмегені анық. Оның үстіне, ол адам АҚШ елшілігінің өкілі болып шықты. Судья американдық дипломаттың орыс тілін білмейтінін прокурорға түсіндірді. Шамасы, жымиыстан болып жатқан процеске қатысты жасырын мағына немесе тілсіз комментарий іздеудің қажеті жоқ дегенді меңзегені шығар. Прокурор өзінің ағаттығына қысылып қалды, бәлкім тегі қытайлық американ азаматын ол жергілікті тұрғын деп қабылдаған болуы керек. Ал жергілікті халық сот процесінде жымимайды.

Келесі отырыс 7 қараша, дүйсенбіге белгіленді.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

5 қараша 2016, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.