18 қаңтар мен 18 ақпан аралығында Атырау облыстық прокуратурасының бастамасымен біздің аймақта «Балаңды ұмытпа, алимент төле!» атты акция жүріп жатыр. Акцияға көші-қон қызметінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және сот орындаушылары қатысуда.
Олардың қатысуымен түрлі орындарда жұмысшы топтары құрылып, кейін рейдтер ұйымдастырылмақ.
Прокуратура бұл акцияның алименттерді өндіріп алуға көмегі тиеді деп үміттеніп отыр. Тізімдегі жұмыссыз әкейлер саны 500-ден асады. Олар қалалық жұмыспен қамту бөліміне есепке алынбақ. Әкелер жұмысқа орналастырылады және балаларға тиесілі сома еңбекақыларынан ұсталады. Ажырасқан жұптардың көпшілігінің әкелері өздерінің борыштарын өтеуді қиынсынады немесе ұмытып кетеді екен.
– Алименттерді төлеу жөніндегі сот актілерінің көпшілігі орындалмайды, - дейді Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің жетекшісі Светлана ЖҰМАШЕВА. - Соның нәтижесінде жасы кәмелетке жетпеген балалар жапа шегеді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА