Атырау, 5 қазан 13:50
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Веб-порталдағы жаңа мүмкіндік

1 871 просмотра

Қылмыстар мен оқиғалар туралы шағымдарды құқық қорғау органдарына енді үйден шықпастан-ақ беруге болады. Бұл енді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің www.service.pravstat.kz     электронды  веб-порталының жаңа қызметі арқасында жүзеге асырылады деп хабарлайды Атырау қалалық прокуратурасы.  

Электронды арыз беру қызметін жеке және заңды тұлғалар да қолдана алады. Ол үшін міндетті түрде электронды қолтаңба керек. Оны екі жолмен алуға болады - өз бетіңізше www.pki.gov.kz  сайтына электронды цифрлы қолтаңба алуға тапсырысты online-режим арқылы немесе үкіметтің  www.egov.kz  электронды порталы арқылы беруге болады не болмаса халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы Ұлттық куәландырушы орталықтардың тіркеу орталығына  жолығу керек.

www.service.pravstat.kz сайтында электронды арыз беру барысында міндетті түрде өзіңіз өтініш беруді қалаған құқық қорғау органын таңдап, болған жайттың мән-жайын нақтылап жазуыңыз қажет. Егер сізде осы істерге қатысты құжаттар электронды түрде болса, онда оны арызға жалғауыңызға болады.

Өтініштің қаралу барысы туралы хабарламаны сіз электронды поштаға sms-хабарламаның  (бір хабарламаның құны- 15 теңге) ұялы телефонға немесе қалалық телефон бойынша келуі арқылы аласыз.

ҚР ҚК 351-бабына сәйкес жалған хабар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке  «электронды» мәлімдеуші де тартылуы мүмкін екендігін айта кеткен жөн.

Тамара СУХОМЛИНОВА

25 қаңтар 2012, 23:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.