Атырау, 23 қараша 22:18
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Интернетті шектейтін ереже қабылданды

1 859 просмотра

Қазақстан үкіметі интернет клубтарына тұтынушыларға жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда ғана қызмет көрсетуді міндеттейтін ереже қабылдады деп хабарлайды Zakon.kz веб-сайты.

Үкіметтің ережесіне сәйкес, интернет клуб қожайыны тұтынушылардың интернетке кіруіне арналған электронды журнал және олар пайдаланған интернет ресурстарын тіркеп отыратын және екінші журнал ашуы тиіс. Ол журналда интернетті пайдаланған адамның аты-жөні, қолдану мерзімі сияқты мәліметтер де қоса тіркелмек.

Жаңа ереже бойынша, барлық интернет клубтарына видеокамера қойылып, Қазақстанда тыйым салынған интернет ресурстарына шектеу қоятын бағдарламалар орнатылуы керек. Интернет клубтарында интернет ресурстарына аралық серверлер арқылы кіруге мүмкіндік беретін бағдарламаларды қолдануға да тыйым салынады.

Веб-сайт ереженің әзірге видеокамера мен бағдарлама қоюға міндеттейтін тармағы ғана 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенін айтады.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

25 қаңтар 2012, 20:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.