Атырау, 19 сәуір 06:37
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Каддафидің жақтастары қарсылық көрсетті

2 020 просмотра

Ливияның биліктен қуылған бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің жақтастары елдегі бұрынғы режимнің тірегі болған Бани Валид аймағы үшін ұрыс жүргізіп жатыр.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, аймақта болған қақтығыста төрт адам қаза тауып, 20 адам жараланған. Ұрыста ауыр әскери техника да қолданылған.

Қақтығыс Ливия ұлттық өтпелі үкіметінің күштері Каддафиге жақындығы бар деген күдікпен Бани Валид аймағында бірнеше адамды тұтқындаған кезде басталған.

Ливия астанасы Триполиден 200 шақырым қашықтықта орналасқан Бани Валид аймағы Каддафиге жақтас ықпалды Варфалла тайпасының негізгі тірегі.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

24 қаңтар 2012, 22:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.