Атырау, 23 қараша 21:56
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол полициясы бастығының боқтап сөйлеген аудиожазбасы төңірегінде шу күшейді

2 920 просмотра

Құзырлы орган қызметкерлері құдды бір боқтық айтудан бәйгеге түскендей. Аузына келген анайы сөзді ақтара салуға өңірдегі полиция басшылары да шебер. Батыс Қазақстан облыстық Жол полициясы басқармасының бастығы Төлеу Бедровты қол астындағылар сықпыртып боғауызды жаудырады деп арызданған. Тіпті, бас жол сақшысының қарамағындағыларды тізіп қойып, жеті атасынан бері қарай боқтаған сәтін біреу аудиотаспағатүсіріп алыпты.

- Вот менің қасымда достарым бар, ш.... а.... с.... осылай деп айтындар. К.... айналдырам, б...дь. Кө.... айналдырам, б...дь. Вот передайте так. Вот служебный проверкаға заключение возьму, сосын к.... айналдырам, б...дь.

Осылай жалғанды жалпағынан басып тұрғандай аузына келгенді айтқан жол полициясы басқармасының бастығы Төлеу Бедров көрінеді. Бұл жазбаны ғаламторға салушылар солай депті. Сондай-ақ кейбір мәліметтерге қарағанда басшыларының боқтығына шыдамаған Оралдық жол сақшылары ІІМ дейін арызданыпты. Алайда әлі күнге дейін бұл нақты кімнің даусы екені жәйлі ресми ақпарат жоқ. Жергілікті құқық қорғау орган басшылары да бұған қатысты жақ ашпай отыр. Дегенмен Бедровтың қызметінен босатылғаны жөнінде мәлімет бар.

Бекзат Жүсіп

24 қаңтар 2012, 22:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.