АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. BAQ.KZ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаетың Жарлығымен ҚР Туризм және спорт министрлігі ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік болып қайта ұйымдастырылады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінде хабарланған.
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бере отырып, қайта құрылу жолымен Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне қайта ұйымдастырылсын», - делінген Жарлықта.
Дереккөз:"BAQ.KZ"