Атырау, 23 қараша 22:19
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Президент Жарлығымен бірқатар министрліктер мен ведомстволар таратылды

2 104 просмотра

АСТАНА. 20 қаңтар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы»

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, оның:

1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы;

2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, таратылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қайта құрылу жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бере отырып, қайта құрылу жолымен Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне қайта ұйымдастырылсын.

3. Мыналар:

1) таратылатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің:

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі - ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама;

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі - байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;

2) қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің:

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі - туристік қызмет;

Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі - Дене шынықтыру, спорт және ойын бизнесі саласындағы міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып анықталсын.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай - өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі»;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі»;

мынадай жолдар алып тасталсын:

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі»:

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі».

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын және таратылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар

№ 226

21 қаңтар 2012, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.