Атырау, 20 мамыр 03:32
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі болып Н.Қаппаров тағайындалды

3 450 просмотра

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. Baq.kz – Мемлекет басшысы «Н.Д. Қаппаровты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінде хабарланған.

«Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы - 1970 жылы 30 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Алматы Технологиялық институтын бітірген, Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебінде алған мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие.

1990-1997 жж.- "Акцепт" копорациясының президенті,

1997-1999 жж.- «ҚазТрансОйл» ЖАҚ президенті, «Қазақойл» ҰК президенті

1999-2000 жж.- ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі,

2000-2001 жж.- Солтүстік Каспий Жобасы комитетінің төрағасы,

2001-2003 жж.- Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебінде дәріс алып, АҚШ-та жүрді.

2003 жылдан бастап "Ланкастер Груп" директорлар кеңесінің төрағасы

ERSAI Caspian Contractor директорлар кеңесінің төрағасы

Дереккөз: "Baq.kz"

21 қаңтар 2012, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.