Атырау, 26 желтоқсан 19:28
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Иранда жойқын жер сілкінісі болып, 100 адам зардап шекті

6 718 просмотра

ТЕГЕРАН. Қаңтардың 20-сы. BAQ.KZ – Иранның солтүстік-шығысында 19 қаңтарда магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы жергілікті телевидениеге сілтеме жасап Associated Press хабарлайды.

Зілзала салдарынан оның эпицентріне жақын орналасқан, 200 мыңға тарта халқы бар Нишапур қаласының жүзге тарта тұрғыны жарақат алды. 17 зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Лента.ру.

Агентттік мәліметіне қарағанда, зілзала ғимараттардың әйнегін сындырып, коммуникациялық ғимараттарды зақымдады, сондай-ақ жақын маңдағы бірнеше ауылдық аймақтардағы үйлердің қабырғалары қирады.

Дереккөз: BAQ.KZ

20 қаңтар 2012, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.